Бірде шал

Скачать

Тақырыбы: "Бауырсақ" ертегісі

Мақсаты: Балалардың "Бауырсақ"ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнап көрсетулерін түсіндіру.
Дамыту: Балаларға ертегідей жұптаса орындату барысын сөйлеу арқылы, тілдік қорларын, ойлау қиялдарын есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың рольдерді ойнауға еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Үн таспа, "бауырсақ" ертегі кейіпкерлерінің қуыршақ бейнелері, ширма.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, рөлдерде ойнау.
Залды безендіру, орман бейнесі , ширма.
Әдемі әуен қосылып ортаға тәрбиеші шығып ертегіні:

Балалар,өмір балғын шақ
Ертегі тыңдап,көңіл шат.
Жастық өмір жазғы бақ
Көп ертегі бар жерде
Қуаныш сыйлар әлемге.
Тәрбиеші: -Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал...
Шал: -Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.
Тәрбиеші: - Дейді кемпіріне.
Кемпірі: - Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?
Шал: - Қаптың түбінін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар.
Тәрбиеші: - депті сонда шал.Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді.
Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.
Қоян: -Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Тәрбиеші: -Дейді.
Бауырсақ:-Мені, жеме қоян. Мен саған өлең айтып беремін:
Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Қаймақ қосып шылап,
Ыстық майға қуырып.
Терезеге қойып суытқан,
Мен атамнан қаштым.
Апамнан да қаштым,
Ал сенен қашу,қоян,
Қиын емес маған.


Скачать


zharar.kz