Ақтөбе қаласы,
Россовхоз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы
Қанат туралы хикая Фариза Оңғарсынова
Ашық сабақ тақырыбы:
Қанат туралы хикая Ф. Оңғарсынова
Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: Ф. Оңғарсынованың өлеңіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Білімділік: Ата - ана мен бала арасындағы махаббатты, ата - анаға тілеген ақ тілегінен балаларға өз ата - анасынан ең жақын, ең қасиетті адам жоқ екендігін түсінуге мүмкіндік беріледі.
Дамытушылық: Балаларды шығармашылық жұмыс жасауға үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге және ата – анасын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабаққа қолданылатын әдіс - тәсілдер: жинақтау, топтау, сұрақ - жауап, көрнекілік әдісі, тренинг әдісі
Пәнаралық байланыс: музыка, еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
Тренинг. Топқа бөлу
І топ Ана ІІ топ Әке ІІІ топ Бала
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ана тобы. Б. Бұлқышевтің Ана мәтінін жатқа айтады
2. Әке тобы. Ана туралы мақал - мәтелдер айту
3. Бала тобы. Ана туралы эссе жазу.
Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту Бұл кім? ойыны
Үйдегі алтын қазық. – Ол ақылды болса, бала дана болады. Оның тәрбиесі – қызға үлгі. Ол жоқты бар, ашты тоқ ететін, үйдегі бақ. Қаламы жүрек жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де, сол адамнан туып, соның көкірегінен нәр алып өседі.
Бұл кім?
Жауабы: Ана
Әркімнің сүйенер тіреуі. Әркімге қымбат адам. Оны ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Қарап отырсаң оның да түр - түрі болады. Бұл ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі, қайратты, батыл, болып келеді.
Бұл кім?
Жауабы: Әке
Осы екі адамды біз бір сөзбен қалай атаймыз?
Жауабы: Ата - ана
Ассосация
Ана Әке Бала
Құс қанатын көре отырып кімге ұқсататын ерекшелігін көрсетеді.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбымыз Қанат туралы хикая . Ф. Оңғарсынова
Автор туралы мәлімет.
Ф. Оңғарсынова - 1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданында өмірге келген. Қазақтың дарынды ақыны. Лирикалық өлең кітаптарының авторы. Шығармалары: Сандуғаш алғашқы өлеңдер жинағы, Алмас қылыш , Тартады бозбаланы магнитім , Сайраған Жетісудың бұлбұлымын поэмалары жарық көрген.
2014 жылдың 23 қаңтарында дүниеден озды.
Дәптермен жұмыс.
Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.
І Ана тобы Өлеңді тізбектей оқиды. Берілген шумақты мұқият оқып, өзіне ұнамаған сөздің астын сызып, неге ұнамағанын дәлелдейді. Сөзді табу қиын болған жағдайда көршісімен пікір алмастырады.. Мұндағы мақсат - бұл өлең шумағындағы балаған ұнамайтын сөз мүгедек екенін көрсету. Сол жаман сөзді өмірде болдырмау үшін ата - анаңның аман болғанын оқушылар түсініп, өз жауаптарын береді.
ІІ Әке тобы өлеңнің мазмұны туралы айтады.
ІІІ Бала тобы мақал - мәтелдердің екінші жолын тауып жазу.
Шығармашылық тапсырма.
І топ Ана Ойымнан туған өрнектер ұйқас бойынша өлең шығару.
1)..................................... боламын
....................................... аламын
.........................................
........................................ ата - ананың
ІІ топ Әке Бала сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
ІІІ топ Бала Ана сөзіне ребус құрастыру.
Сабақты бекіту.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады.
“Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
Ата - анасына тілейтін жақсы тілектерін мына түрде орындайды.
1. Алдымен оң қолыңды қағаз бетіне қой да, сұлбасын түсіріп ал. Оның ішіне анама тілек деп жаз.
2. Енді сол қолыңды қағаз бетіне қой да, сұлбасын түсіріп ал. Оның ішіне әкеме тілек деп жаз.
Бұл сенің ата - анаңа қуаныш сыйлайтындарыңа бір дәлелі болсын.
Ән: Қос шынарым
ХІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.
Бағалау