Бүгін менің досымның туған күні

Скачать

Тақырыбы: Досымның туған күні
3 сынып
SMART мақсаттары: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, ойлан - жұптас - топтас стратегиясы бойынша жұмыс орындау, мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Күтілетін нәтиже: Барлығы: мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.
Көпшілігі (А, В): өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей алады.
Кейбіреуі (А): топты басқара отырып, В, С топтарының оқушыларын ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.
Тілдік мақсаттар:
- мәтінді тыңдайды, түсінеді, сызба, сурет бойынша сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.
- Туған күн, сыйлық, құттықтаймын, әкелді сөздерімен, тірек сызба бойынша пайдаланып сөйлем құрастырады.
- Мәтінді мәнерлеп оқып машықтанады, қатесіз жазады.
Алдыңғы оқу: Досыңның туған күні қашан? Досыңа не сыйлайсың?
Досың қандай сыйлық ұнатады? Досың қандай адам? Қандай қасиеттерін ұнатасың?

Басталуы (қызығушылықты ояту) 5 мин
*Сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.
Досыңның туған күні қашан?
Досыңа не сыйлайсың?
Досың қандай сыйлық ұнатады?
Досың қандай адам?
Қандай қасиеттерін ұнатасың?
*1 - тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін құрастырыңдар. Осы сөздерді пайдаланып сабақтың тақырыбын анықтайық.
Қонақ - гость
Сыныптас - одноклассник
Көрші - сосед
Дайындадым - приготовил
Тұрады - живет

Ортасы (мағынаны тану)
20 мин 2 - тапсырма.
Толықтырып жаз.. Сөз тіркесін, сөйлем құра.
121 - бет (І топ)
Бұл кімнің туған күні?
Әкесі не сыйлады?
Анасы не сыйлады?
Әпкесі не берді?
Інісі не берді?

2 - тапсырма. Әңгімені оқып, өзге топтарға түсіндір (ІІ топ)
Менің досымның аты – Дархан. Ол үшінші сыныпта оқиды. Бүгін менің досымның туған күні. Ол 18 наурызда туған. Мен досыма кішкентай сыйлық дайындадым. Мен досымды туған күнімен құттықтаймын.

3 - тапсырма. Диалогті аудар.(ІІІ топ)
- Сәлем, Марат!
- Сәлем, Вадим!
- Бүгін қай күн?
- Бүгін 3 - мамыр
- Сен қайда барасың?
- Мен қонаққа барамын.
- Кімге қонаққа барасың?
- Кіммен барасың?
- Досыммен
- Сен не сыйлайсың?
- Мен кітап сыйлаймын.

Мұғалім: Есмағанбетова Қ. Ә.
Досымның туған күні. жүктеу


Скачать


zharar.kz