Республикамыздың астанасы қай қала

Скачать

Мақсаты: Қазақ тілінен білімдерін жетілдіру, өткен тақырыптар бойынша сөздік қорларын бақылап, қарапайым сөйлемдер құрастыру, диалог түрінде әңгімелесу. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Халық педагогикасын насихаттай отырып, қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: карточкалар, суреттер, геометриялық пішіндер
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Мұғалім: Балалар, алдымен сәлемдесіп алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз,
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар!
Мұғалім: Балалар, бүгінгі ойын - сауығымыздың тақырыбы Қазақ тілін білемін .

1 - тапсырма. Сұрақтар:
1. Біз қай Республикада тұрамыз?
2. Республикамыздың астанасы қай қала?
3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
- Өте жақсы, жарайсыңдар.

2 - тапсырма. Математикалық әлем.
1. 1 - 10 - ға дейін санау
2. Геометриялық пішіндерді атау.

3 - тапсырма. Отбасы.
1 Сенің отбасыңда неше адам бар?
2 Кім жоқ? дидактикалық ойын барысында балалар Мынау кім? деген сұраққа ( ата, әже, т. б.) жауап береді. Балалар көрсеткен суреттер тақтаға ілінеді. Балалар көзін жұмған кезде бір суретті алып Кім жоқ? деген сұраққа балалардан жауап алынады.

4 - тапсырма. Үй жануарлары
1. Дыбысынан таны дидактикалық ойын.
2. Үй жануарларының төлдерін ата дидактикалық ойын
3. Бұл не? деген сұраққа жауап алынады.
Сергіту сәті
Оңға қарай түзу тұр,
Солға қарай түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

5 - тапсырма. Полиглот
Суреттегі сөздерді орысша - қазақша айту.
Сиыр - корова
Ит - собака
Шырша - елка
Аяз ата - Дед Мороз
Қасық - ложка
Кесе - пиала
Жейде - рубашка т. б.
6 - тапсырма. Көңілді доп дидактикалық ойыны. Балалар допты бір - біріне лақтыру арқылы жабайы аңдардың аттарын атайды.

Қорытынды
Мұғалім: Міне, балалар осымен біздің ойын - сауығымыз аяқталды. Тапсырмаларды бәрің де дұрыс орындадыңдар. Сендерге түрлі - түсті шарларды сыйлыққа тарту етемін.


Скачать


zharar.kz