Фариза Оңғарсынова өлеңі
Мен тағы да ғашықпын! Мына Құдай
жүрсін дей ме ғұмырда мұңы арылмай,
сезіну мен сезуден жосаланған
жүрегімді келеді сынап ұдай.
Күйіп - жанып, қуанып көрінгенге,
түсімнен де шошынып, өңімнен де,
жануменен, сөнумен жанұіпырйп
өтіп жатыр, әйтеуір, өмір менде.
Ауру қылған арылсам ой - мұрадан,
тыныштығын тосардай тойлы ғалам,
періштедей пәк тірлік кешсем деп ем -
бей - жайлықты бұйыртпай қойды маған.
Жай отымен жаншылған ертең едім,
айналғандай ертеңге көркем егін.
Баяғыдай ғашық боп тұрмын бүгін.
Енді қайттім?
Тағы да өртенемін!