Жақсы әйел, Жүсіп Баласағұн
Əйел алмақ болсаң, егер, қарарсың,
Жіті бағып таңдаулысын аларсың! —
Жібек мінез — қыз - келіншек шырыны,
Біле білсең, əйел көркі — қылығы!
Ақылды, пəк болса, асылға баларсың,
Үш сипаттың бəрін содан табарсың!
Ақылды əйел, ізде — іздесең сен егер,
Есті болса, төрт құбылаң теңелер.
Мұндай жанды кездестірсең, бекін де.
Ей, батырым, тырыс, қолдан кетірме!