Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс. Ұяшықты біріктіру, бөліктерге бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық - технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыни тұрғысынан ойлау және деңгейлік дамыта оқыту технологиясын қолдану.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрсете - түсіндіру.
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық және жеке оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, Power Point - та дайындалған презентация - слайдтар, Электронды тест, Деңгейлік тапсырмалар, Таратпа материалдар, Бағалау парағы,
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, география.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Сабақтың мақсатын айту.
II. Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға үй тапсырмасы бойынша “Жуан - жіңішке сұрақтар” стратегиясын пайдалана отырып сұрақтар қойылады.
1. Windows - қа арналған ең танымал мәтіндік процессор не деп аталады?
2. Абзац енгізу қандай пернемен аяқталады?
3. Меңзердің сол жағындағы символды немесе мәтінді өшіруге арналған перне?
4. MS Word терезесінің екінші панелі не деп аталады?
5. Объектілері - символ, жол, ұяшық, баған болып табылатын қандай мәтін?
III. Мағынаны тану.
Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі. Оқушыларға төмендегі
сұрақтарды түсіндіру:
1. Кесте дегеніміз не?
2. Кесте жасау әдістерін.
3. Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу операцияларын.
Кесте дегеніміз - жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандайда бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Word мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады.
1 - әдісі: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып, Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою
(Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз.
Мысалы: 5 баған, 2 жолдан тұратын кестені салайық.
2 - әдісі: Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз.