Бақшаны бейнелейтін суреттер бойынша оқушыларды сөйлету

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бақшада. Бақшаның достары мен зиянкестері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларға бақша өсімдіктері туралы толық түсінік беру, бақша өсімдіктерінің түр - түсін, олардың пайдасын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға бақша зиянкестері туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: орамжапырақ көбелегінің түр - түсін тану білу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: бақшадағы көріністі бейнелейтін суреттер, кейбір көкөністер, көкөністерді бейнелейтін суреттер, зақымдалған орамжапырақ суреттері
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау.
♦ Бақтардың зиянкестері туралы айту
♦ Бақтардың досы деп қандай жәндіктерді атаймыз? Себебін түсіндіру
♦ Алма мен алмұрттың пішіні, түрі, дәмі бойынша салыстыру
♦ Олардың осы белгілерін анықтауға саған не көмектеседі?
♦ Сурет бойынша бақтың зиянкестері мен достары туралы әңгіме құрастыр.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.
Суретпен жұмыс.
Бақшаны бейнелейтін суреттер бойынша оқушыларды сөйлету. Суретке ат қою. Ол үшін оқулықтағы сұрақтарды пайдаланып, соған байланысты жауап алу.
Бақшы өсімдіктері жайында оқушылардың білімін, күнделікті өмірден байқағандарын айтқызу.
Қандай бақша өсімдіктерін білесің?
Олардан қандай тағамдар жасалады?
Кейбір бақша өсімдіктерін не оның суретін оқушыларға таратып беріп, сол туралы не білетінін айтқызып, түр - түсі туралы сөйлету.

Оқулықтағы мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
Дәптердегі суреттен бақшада өсетін көкөністерді тауып бояуды орындау.

Бақшаның достары мен зиянкестерімен таныстыруды суретпен жұмыс арқылы бастау. Суреттен көргендерін өмірден байқағандарын байланыстыру. Суреттегі көріністерді оқушылар үнемі қоршаған ортада кездестіреді. Мәтінде берілген сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланып, оқушылардың еркін сөйлеуіне мүмкіндік беру.
Дәптердегі мәтінге байланысты берілген сурет - жұмбақтарды шештіру, оларды бояту. Оқушылардың өздері білетін жұмбақтарын айтқызуға болады.
Бақ пен бақша өсімдіктерін атау, олардың пайдасына тоқталу.
Сөздік жұмыс: бақта, бақшада, жеміс, көкөніс, дәмді, тәтті, т. б. тірек сөздер бойынша сөйлем құрастыру.
ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.
Ащы және тәтті көкөністерді ата
Көкөністерден қандай тағамдар жасалады?
Қысқа сақтауға және тұздауға болатын көкөністерді ата
Қандай көкөністі шикідей жеуге болады?
Орамжапырақты асқабақпен салыстыр
Қандай көкөністі пісіп жетілмей - ақ жеуге болады?
Бақшаға пайдалы және зиянды жәндіктерді ата
Ұлу мен шырыштар немен қоректенеді?
Орамжапырақ көбелегі қандай зиян келтіреді?

ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сұрақ - жауап арқылы сабақты қорытындылау, түсіндіру. Оқушылардың еңбегін мадақтау


Скачать


zharar.kz