Алабота тұқымдастары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Көкнәр, алабота тұқымдастары (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Даражарнақтылар класына жататын көкнәр және алабота тұқымдастарымен таныстыру.
ә) Көкнәр және алабота тұқымдастарына жататын өсімдіктерін тани білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
б) Көкнәр және алабота тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ерекшеліктері, емдік қасиеттерін пайдалануға тәрбиелеу, ой өрістерін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Лезде сұрақтар.
1. Жабық тұқымды өсімдікке сипаттама бер және де кең таралуы.
2. Жабық тұқымды өсімдіктер қандай жолмен көбейеді?
3. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.
4. Гүлді өсімдіктерді түрлерге, туыстарға, тұқымдастарға, кластарға топтастырғанда қандай белгілер негізге алынады?
5. Қосжарнақтылар класының қандай тұқымдастары бар?
6. Диаграмма дегеніміз не?

Қос және дара жарнақты өсімдіктерді белгілері бойынша салыстырыңдар.
р с --- Белгілері -------------- Қосжарнақты --------- Дара жарнақты
1 ----- Тұқым жарнағы
2 ----- Тамыр жүйесі
3 ----- Камбий
4 ----- Жүйкеленуі
5 ----- Жапырақ құрамы

Жауабы:
р с ---- Белгілері --------------- Қосжарнақты ---------------------- Дара жарнақты
1 ------ Тұқым жарнағы ------- 2 --------------------------------------- 1
2 ------ Тамыр жүйесі --------- Кіндік --------------------------------- шашақ
3 ------ Камбий ----------------- бар ------------------------------------- жоқ
4 ------ Жүйкеленуі ------------ Қауырсынды саусақ салалы.---- Қатар, доғалы
5 ------ Жапырақ құрамы ---- Жай, күрделі ------------------------ Таспа, қандауыр.
Гүлді өсімдіктер

● Даражарнақтылар
Шашақ тамырлы, жапырақтары қатар және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы пияз бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер.
● Қосжарнақтылар
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Көпшілігінде жүзуші ұлпа – камбий болады

Көкнәр тұқымдасы.
Шөптекті, бұта немесе кішкене ағаш түрінде қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлар – біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер. Ғаламшарда 700 - ге жуық түрлері бар. Қазақстанда көкнәр тұқымдастардың 44 түрі өседі. Көкнәрдің гүлі қосжынысты. Жемісі – қауашақ, тұқымдары – ұсақ, түсі қара болып келеді.
Көкнәрлар тұқымдасының формуласы: жабайы көкнәр Т2К2+2А βЖβ
Түрлері:
• Көкнәр тұқымдастардан жабайы көкнәр, сеппе көкнәр, т. б. көбірек белгілі. Жалаңсабақ айдаршөп, жіңішке айдаршөп - бұлар да көкнәр тұқымдас өсімдіктер.

Алабота тұқымдастары.
● Басым көпшілігі арамшөп түрінде белгілі біржылдық және көпжылдық шөптекті өсімдіктер. Шала бұталы кейде бұта кішкене ағаш түрінде кездеседі. 1500 - ге жуық түрлері бар. Алабота тұқымдастар – кіндік тамырлы, көпшілігі көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты болып келеді. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды. Олардың түсі жасыл жасыл немесе сары болып келеді. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады.
● Алабота тұқымдасының формуласы: Т4А4Ж1
Алабота тұқымдастарына.
● Ақ алабота
● Сексеуіл
● Қызылша
● Шпинат
● Бұйырғын
● Көкпек
● сораң
● теріскен
Ақ алабота
● Өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Гүлі – ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы – Т4А4Ж1
● Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.

Сексеуіл
● Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және бұта сексеуіл деп аталады. Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты – бірүйлі, қабыршақ тәріздігүл жапырақтың қолтығында 4 - тен орналасады. Көктемде гүлдейді. Жемісі – қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан айларында пісіп жетіліп, қараша – желтоқсан айларында жерге төгіледі.

Шпинат
● Бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3 түрі бар. Витаминдерге де бай: А1, В1, В2, С және РР болғандықтан, асты дәмдеуге өте пайдалы.
Бақша шпинаты – екі үйлі. Аталық гүлінің формуласы:

Бұйырғын
● Алабота тұқымдастардың туыстастылар да қосжарнақты өсімдіктерге жатады. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің 17 түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой - ешкі, жылқы жейді. Алайда жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек деген түрі өте улы.

Қызылша
● Алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туыстастың 6 түрі бар. Кәдімгі қызылша – қызылшаның мәдени түрі. Оған асханалық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады. Қант қызылшасы республикамызда Талдықорған, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр деп аталады.

Жаңа сабақты бекіту:
Көкнәр тұқымдасы - ………….., бұта немесе ағаш түрінде өсетін қосжарнақты өсімдіктер тобы. Көкнәр тұқымдасының ғаламшарда...... ге жуық түрлері бар. Оның.... түрі Қазақстанда өседі. Жемісі – қауашақ. Жабайы көкнәрдің формуласы: ……………..
Алабота тұқымдасының қазіргі кезде..... жуық түрлері бар.
Алабота тұқымдасының формуласы:.............
Алабота тұқымдасына:...................................... жатады.

Сәйкестігін тап.
1. Бойына азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіретін өсімдік. (А. Сексеуіл)
2. Қай алабота тұқымдасының 23% ға дейін қант болады. (Б. Сүйелшөп)
3. Қазақстанда 3 түрі кездесетін алабота тұқымдасының туысы. (В. Қант қызылшасы)
4. Құрамында А, В, С және РР дәрумендері кездесетін алаботаның туысы. (Г. Ақ алабота)
5. Халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдаланатын көкнәр тұқымдасы. (Д. Шпинат)


Скачать


zharar.kz