Балалар Қожа қандай әрекет үстінде

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қожаның қиялы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімдеуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Құндылықтарды дарыту: Әдеби шығармадағы жақсы әрекеттерді тану.
Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершіліктерін бойға сіңіру.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка
Алдыңғы оқу: Б. Соқпақбаев Менің атым Қожа повесінен берілген үзіндінің мазмұнын біледі.

Басы 5 мин
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!
- Бүгін сабақта кім жоқ?
- Оқу - құралдарымызды партаның үстіне қоямыз.
- Партаның үстінде суреттер қимасы берілген, қималарды құрастырамыз. Қима суреттерді құрастырғанда Қожаның суреті мен Жанар суреті шығу қажет.
- Оқушыларға сұрақтар қоямын
1. Бұл суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
2. Бұл қай фильмнің кейіпкерлері?
- Дұрыс таптыңдар
Ендеше, балалар осы Қожа мен Жанар суреттері арқылы 2 топқа бөлінеміз.
1 - топ Қожа
2 - топ Жанар

- Балалар, назарымызды енді фильмге аударайық. Менің атым Қожа фильмінен үзіндіні көрсете отырып, Ой шақыру стратегиясы бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
1. Бұл фильм қалай аталады?
2. Фильмдегі басты кейіпкер кім?
3. Фильм авторы туралы не білесің?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң фильмнен үзінді көрсетемін. Қожаның қиялға беріліп тұрған сәтін көрсетемін.
- Балалар Қожа қандай әрекет үстінде?
- Қандай қасиетін байқадыңдар?
- Дұрыс, балалар, олай болса, біз бүгін Қожаның қиялдау әрекетіне байланысты, сабағымызды Қожаның қиялы тақырыбында өткіземіз.
Сабақтың мақсаты: Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімдеуі арқылы мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін ажырату түрімен таныс боламыз.
- Енді, балалар, Мені атым Қожа повесі бойынша хат, хабарлама, хаттама кездесетін жерлерін тауып, тапсырмалар бойынша анықтаймыз.

А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп - гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні: Сембаева Азен Нурдановна
Қожаның қиялы жүктеу


Скачать


zharar.kz