Қатынас қағаздары

Скачать

Тақырыбы: Ресми іс қағаздар стилі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту;
Дамытушылық – оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, ізденімпаздықққа баулу, танымдық қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелік – оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: проблемалы мазмұндау, репродуктивті, ішінара іздену, зерттеу.
Ұйымдастыру формасы: Б. Блум бойынша
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың құрал - жабдығы: мультимедия тақтасы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру. 64 - жаттығу.
Үй тапсырмасын бекіту. Роун - робин әдісі. Оқушылар стильдер туралы, ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі туралы не біледі, сол жайында бір сөйлем не бір сөз тіркесін айтуы керек.

Жаңа сабақ

1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
1) Іс қағаздары, оның түрлері;
2) Қатынас қағаздары;
3) Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері.

2. Түсіну. Мультимедия тақтасынан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру

І слайд
Іс қағаздары дегеніміз – жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым - қатынас құралы.
Іс қағаздарының түрлері

Арыз
Өтініш
Бұйрық
Өмірбаян
Анықтама
Хаттама
Куәлік
Сенімхат
Ұсыныс
Қолхат
Мінездеме
Түсінікхат
Келісімшарт
Акт

ІІ слайд
Іс жөніндегі қатынас қағаздардың құрылымы
ІІІ слайд
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері


Скачать


zharar.kz