Ауылдағы мұғалімдер енді Болашақ бағдарламасының стипендианты атана алады

Скачать

Ауылдағы мұғалімдер енді Болашақ бағдарламасының стипендианты атана алады.
Мұндай эксклюзивті жаңалықпен Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметов бөлісті. Қазір ұстаздарға арналған квотаны берудің талаптары талқылануда, - дейді 24. kz тілшілері.

Болашақ бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 23 жыл өтіпті. Халықаралық бағдарламалар орталығы мамандарының айтуынша, бакалавриат бойынша Ұлыбритания мен Америкаға оқуға барғандар көп. 23 жыл ішінде 12 000 талапкер Болашақ бағдарламасының стипендианты атанған. Олардың қатарына бакалавр, магистр және докторанттар да кіреді. Оқуды түгескен түлектердің 9 мыңы қазір елімізде еңбек етуде. Білімін ұштап жүрген тағы 1 500 бар. Бұдан басқа 600 студент стипендиядан өз еркімен бас тартса, тағы алты жүзі стипендиядан айырылған. Оған студенттің өзі кінәлі, оқу үлгерімі нашар.

Ғани Нығыметов, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ президенті: - Бізде 70 - ке жуық стипендиат бар. Олар ауылдық квота бойынша барған үміткерлер болатын. Олар сол ауылдық мектепті бітіріп, өздерінің аттестатын көрсетіп бізге, біз арқылы квоталық санат бойынша өтіп, тілдік курс алып, оқып келгеннен кейін ауылға қайтып баруға міндетті. Ол шартта көзделген.
Болашақ бағдарламасының оң әсерін байқаған мамандар енді ауылдағы мұғалімдерге де квота бермек.

Ғани Нығыметов, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ президенті: - Мысалы ауылдық мектепте жұмыс істеген екі жылдық тәжірибең болса, бізге келіп Болашақ арқылы жеңілдікпен түсе аласың, магистратураға. Осындай жаңа квота магистратураға ашылайын деп отыр. Сондай шешім қабылданайын деп отыр Республикалық комиссияның отырысында. Қабылданса міндетті түрде ауылға барып, өңірлерге барып осы ақпаратты тарамыз.

Ғани Нығыметовтің айтуынша, квотамен оқуға ниетті мұғалімнің қай пәннен сабақ беретіні бәрібір, жас шамасына да шектеу жоқ. Сондай - ақ, шетелдегі оқуын бітіріп келген ұстаз ауылға қайтып барса да, қала мектебінде қалса да қалау өзінде. Басты талап - елге қайта оралып, халқына қалтқысыз қызмет етуге міндетті.

Дереккөзі: 24 кз


Скачать


zharar.kz