Аспанда бұлт бүркемелеген, Шашылып мол жатыр жұлдыз

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Кештер, кештер, жазғы кештер
Өтіп жатыр жанға жайлы.
Көз алдымда жақсы елестер,
Бір тәтті үшін құшақ жайды.

Аспанда бұлт бүркемелеген,
Шашылып мол жатыр жұлдыз.
Сыбдырлайды бір шоқ емес,
Жүрмін жалғыз, жоқ қой сол қыз.

Бір шоқ емес! Келе берем,
Араңда сол қыз тұрғандай.
Ойға кетем терең - терең,
Жас жанымда жыр тұр қандай?

Саялайын, емен бағы,
Жырды ұрлай бер, сырды ұрлай бер.
Екеу болып келем әлі,
Сыбдырлай бер, сыбдырлай бер.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz