Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сейдахмет Бердіқұлов Желаяқ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, Желаяқтың бейнесін жан - жақты ашу, меңгерту;
Дамытушылық: Желаяқ бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тізбектете оқыту, дөңгелек үстел
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, автордың портреті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы сұрау, бекіту.
2. Жаңа сабақ
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқушыларды үш топқа бөлу.
3. Қызығушылығын ояту
- Балалар, Желаяқ сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (балалардың жауабы тыңдалады)
- Ендеше бүгінгі сабақта С. Бердіқұловтың Желаяқ әңгімесімен таныс боламыз.
Автор туралы мағлұмат беру:
Сейдахмет Бердіқұлов 1932 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қара - Қастек деген жерде дүниеге келген екен. Ол Лениншіл жас газетінде редактор болған. Оның көптеген әңгімелері, повестері испан, венгр, польша тілдеріне аударылған. Ол 1994 жылы дүниеден озған.
4. Дөңгелек үстел әдісі
1 - топқа: Желаяқ туралы не білеміз?
Бұл сұраққа Дөңгелек үстел әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы желаяқ туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгенін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамау керек. Осылайша әр оқушы өз білгендерін жазып шығады.
2 - топқа: Тірек сөздермен жұмыс
Тірек сөздер: арқан, жүйрік, тежеу
Осы сөздерді қатыстыра отырып, топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.
3 - топқа: Шатасқан шумақтар
Та өзіміз саққұлақ
Өзіміз та желаяқ
Көзіміз көлтаусардың
Дұрысы:
Саққұлақ та өзіміз
Желаяқ та өзіміз
Көлтаусардың көзіміз
5. Мағынаны тану
Мәтінді алдын - ала үшке бөлемін. Мәтінді ретімен 3 топқа бөліп беремін. Топтағы оқушылар өз бетімен мәтінмен танысып шығады. Топ ішінде мәтінді оқушылар талдайды.
6. Аквариум әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Өздеріне тиесілі мәтінді түсіндіре, баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.
7. Сөздікпен жұмыс
КСРО -
Рим -
Сидам -
Атышулы -
Тоқайласқан -
Апайтөс -
Сөре -
8. Сабақты бекіту
Бес жолды өлең
1 жол: Желаяқ
2 жол: тақырыптың қасиетін, сынын, сапасын айқындайтын 2 сөз (2 сын есім)
3 жол: іс - әрекетті көрсететін 3 сөз (3 етістік)
4 жол: 4 сөзден тұратын мағыналы сөйлем
5 жол: Соңғы сөз синоним болуы керек
Желаяқ
Жүйрік, батыл
Жүгіреді, тез, ұшқандай
Желаяқ біздің еліміздің мақтанышы
Шапшаң
9. Қорытындылау
Сұрақтар арқылы...
10. Үйге тапсырма: Желаяқ түсініп оқып келу
11. Бағалау: Сабақтағы оқушылардың белсенділігіне қарап және үйге берілген тапсырма бойынша.