Ескен Елубаевтың өлеңіШілде келді, АлаптаПісіп қалды шүйгін шөп, Атасы айты Талапқа

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Шілде келді,
Алапта
Пісіп қалды шүйгін шөп,
Атасы айты Талапқа:
- Шөп шабуға жүргін, - деп

Бармасқа жоқ амалы,
Талап бірге кетеді.
Қарындағы шалабы
Екеуіне жетеді.

Құлаштай сап бар күшін,
Атасы шөп шабады.
Сыр – сыр етсе шалғысы
Жал – жал десте қалады.

Қарт шалғысын тартқанда,
Ол шөмеле жасады.
Арбаға шөп артқанда,
Ол төбеден басады.

Шөліркейді күн ыстық,
Әдеті осы Талаптың
Азын істеп жұмыстың,
Ішер көбін шалаптың.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz