Ескен Елубаевтың өлеңі
Наурыз келді, қыс кетті,
Күн шуағын құяды.
Топ – тобымен құс кепті,
Жасау керек ұяны.
Қызу еңбек, не керек,
Жоқ тыныштық қыстайғы.
Жыл құстарын
Керемет
Сағынғанға ұқсайды.
Балалардың біреуі -
Берікбайдың Асаны
Ол да асығып жүр еді,
Әсем үйшік жасады.
Үйшік біреу – ілуде,
Жасағанын жасады.
Ағашқа оны ілуге:
Қорқамын, - деп қашады.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері