Еуразия материгі

Скачать

Сабақ тақырыбы: Еуразия материгі.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Еуразия материгі жайлы білімдерін толықтыру, оларға географиялық орны және қашық нүктелері орналасуын дәл анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, картамен жұмыс істей білу шеберлігін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілікке, экологиялық саналыққа тәрбиелеу. Қасындағы жолдасына көмек беруге үйрету.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: Интерактивті оқыту, сұрақ-жауап, тірек-сызба.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, орыс тілі, информатика, математика.
Көрнекілік құралдар: Компьютер, слайд, электронды оқулық мәтіні, дүние жүзінің физикалық картасы.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Ой қозғау стратегиясы.
1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?
3) Венн диаграммасы
Слайд-1
№ Ұқсастығы № Айырмашылығы
Слайд -2
Фьорд дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ
(7- кластың электронды оқулықпен жұмыс)
Интерактивті тақтаға оқушылардың назарын аудару.
Слайд-3 (Суретін көрсету)
Бұл материкте біздің Отанымыз –Қазақстан орналасқан.
Қосымша мәлімет қосу: Еуразия материгінің дәл ортасын ғарыштағы спутниктің көлемін есептеп шығарғанда, қазақ жерінде, Ұлы Абайдың Жидебай жайлауында екені анықталды.
Еуразияның қақ ортасы екенін анықтайтын пирамида орнатылып, оның 4 жағына қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде жазылып қойылған.
Слайд-4 интерактивті тақтадан көрсету. (Тірек-сызба)

Еуразия екі дүние бөлігінен тұрады.

Еуропа Азия
“эреб”-бату “асу”- шығыс

Слайд-5 (Дәптерге көшіру және кескін картаға түсіру)
Ең, ең, ең...........
• 1.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы - Гималай тауындағы
• Джомолунгма шыңы, биіктігі 8848м
• 2.Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан
• жер - Арабия түбегіндегі, Өлі теңіз - 403м
• 3.Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия,ауданы - 3млн. км²
• 4.Ең суық жер - Солтүстік Шығыс Сібірде - Оймякон,-71ºС
• 5.Ең ыстық жер - Тар шөлі, +53°С
• 6.Аса құрғақ аптапты Араби түбегінің оңтүстігінде жауын-шашын - 15мм аз
• 7.Жауын-шашын көп түсетін жер – Гималайдың оңтүстік –шығыс беткейінде Черапунджи елі, 12000мм
• 8.Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізі, ауданы - 390мың.км ²
• 9.Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі, тереңдігі - 1620м
Слайд- 6

Шеткі нүктелері:
Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с.е. 104°18‘ш.б.)
Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)
Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)
Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)
Слайд-7
Ең алып материк - Еуразия (тірек-сызба)
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Слайд-8 (Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін INSERT кестесін толтыру)
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

V. Бағалау.
VI.Үйге: §14.62-63 бет.
1. Кескін картамен жұмысты аяқтау.
2. Атлас картадан номенклатура жаттау.
3. Еуразия материгіне саяхат .Эссе жазу.
4. Интернеттен қосымша мәлімет табу.


Скачать


zharar.kz