Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Хабарлы сөйлем
Жалпы мақсаты Хабарлы сөйлем туралы түсініктерін нақтылап, білімдерін арттыру.
Күтілетін нәтижелер Сөйлем түрлерін ажырата алады.
Сыни тұрғыда ойлай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақ түрі, әдіс – тәсілдері Жаңа сабақ
Сұрақ – жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Тапсырмалар Қазақша дұрыс сөйлей біл, нақыл сөздің мағынасын талдау,
Керекті жабдықтар Интербелсенді тақта, бор, маркер, А - 3
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Амандасу, топқа бөлу.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар амандасады.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Топқа бөлінеді.
Тұсау кесер Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
- Мәтін деген не?
- Қандай түрлері бар?
- Сөйлем дегеніміз не? Оқушылар бірін - бірі қадағалап, бағалайды.
Негізгі бөлім Астана суретін көрсету.(Слайд) Тақтаға назар аударайық. Суретте не бейнеленген? Қысқаша мәтін құрап жаз.
Оқулықпен жұмыс.
169 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Әр сөйлемде не туралы айтылған? Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
170 - жаттығу.
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Мәтінге ат қой.
Слайд арқылы Бұлбұл суретін көрсетіп, дыбыс шығаруын тыңдату.
171 - жаттығу. Жеке, жұптық, топтық жұмыс.
( Слайд арқылы көрсету ).
Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастырып жазыңдар.
Топпен жұмыс: Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
1 - топ: орамал
2 - топ: құлақшын
3 - топ: қамзол Әр топ суретке қарап, қысқаша мәтін құрап оқиды.
Бағалау парағына топ басшылары бағалап отырады. Оқушылар оқып, түсіндіреді.
Оқушылар интербелсенді тақтаға жазады.
Әр топтан бір - бір оқушыдан шығады.
Оқушылар жұмыстанады, топ басшысы сырттай балалардың сабаққа қатысуын да қадағалап отырады. Жұмыстарын қорғайды.
Бағалау парағына топ басшылары бағалап отырады. Оқушылар құрған сөйлемдерін оқиды.
Қорытынды Шығармашылық тапсырма:
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
1 - топ: Бірінші сөйлемді дәлелде.
2 - топ: Екінші сөйлемді дәлелде.
3 - топ: Үшінші сөйлемді дәлелде.
Оқушылар бірлесе жұмыстана отырып, бір ортақ шешімге келеді.
Топ жұмысын әр топтан бір - бір оқушыдан қорғайды.
Үйге тапсырма 174 - жаттығу.
Жоспар бойынша әңгіме құра.
1. Жалғыз басты әжей.
2. Кішкентай қамқоршылар.
3. Балалардың әжейге көмегі.
4. Мереке күндері. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау Оқушыларды бағалау Топ басшысы бағалау парағындағы ұпайға қарап оқушыларды бағалайды.