Тақырыбы: Бесік жыры
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын игертуге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу
Дамытушылық: Халқымыздың салт - дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің, балаға айтылатын бесік жырының бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға халықтық мол қазынаны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бесік, арба, плакатқа жазылған сөздер.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Б) Оқу құралдарын даярлату
Шаттық шеңбері:
Күнге қарап күлеміз,
Иіліп сәлем береміз.
Бақыт, шаттық сыйлайсың,
Күнім саған сенеміз.
II. Өткенді қайталау:
Балалар біз сендермен Жаздыгүні шілде болғанда деген үлкен тарауды аяқтадық. Сол тарауды қорытындылап тест жұмысын орындайық
(Балалар тест жұмысын орындап, өздерін өздері бағалайды. Дұрыс жауап
тақтаға ілінеді).
III. Жаңа сабақ:
Балалар бүгін біз сендермен Сарқылмас қазына деген тарауды бастаймыз. Бұл тараудада бірнеше тақырыптар қамтылған.
Бесік жыры
Төрт түлік туралы жырлар
Ертегілер
Шешендік сөздер
Мақал - мәтелдер
Жұмбақтар
Сендермен бүгінгі өтетін тақырыбымыз Бесік жыры .
Бесік деген не?
Оны көргендерің бар ма?
Мұғалім:
Бесік - көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра.
Қазақта Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген ұлағатты маржан сөз бар.
Олар тегін айтылмаған.
Бесік - ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие
құралы. Көшіп - қонған халқымыздың ғасырлар бойы тәжірибесінен туындаған, уақыт заман сынынан сүрінбей өткен киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі, тұрмысқа бейімділігі, бала өміріне пайдалылығы орасан зор.
Бесіктің ең қарапайым түрі қайың, тал, тағы басқа оңай иілетін әрі жеңіл ағаштан жасалады. Бесіктің құрамы 15 бөліктен тұрады.
Олар: бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт шабақ, екі сабау, екі жорғадан тұрады. Қазақ дұрыс бөленіп, бесік көрген баланың дені сау, тәрбиесі түзу болады дейді. Сондықтан баланы бесікке бөлеудің мәні зор. Бесікке бөлегеннен кейін қоңырқай әсем дауыспен бесік жыры айтылады.
VI. Дәптермен жұмыс:
Балалар дәптерімізді ашып, Бүгінгі күннің реті мен тақырыпты жазып алайық.
Бейнесюжет
Балалар осы мектептің үлгілі аға ұстазы, көпті көрген анамыз, бүгінгі күні әже болып отырған Жұмағайша мұғалімнің бейнесюжетін тамашалайық!
Енді мына бейнесюжетті тамашалайық!
Сергіту сәті:
Бесік, бесік, бесік,
Сен арқылы білімге аштық есік.
Сенен алған тәрбиенің негізінде,
Келеді ұрпақтарың түзу өсіп.
VII. Оқулықпен жұмыс:
Балалар оқулығымыздың 302 - інші бетін ашып Бесік жырын түсініп тізбектей оқып жіберейік.(оқушыларға тізбектей оқыту).
Тұсау кесу рәсімі: Қаз басып жүре бастаған сәбидің тұсауын кесерде,
оны үш түрлі тілекпен кеседі. Бірінші, баланың тұқымы шөптей көктеп өссін деп, аяғын шөптен ескен жіппен кеседі. Екінші, малы көп және семіз күйлі болсын деп аяғын тік ішекпен кеседі. Үшіншіден, Адал болсын біреудің ала жібін аттамайтын шыншыл болсын деп, баланың аяғын ала жіппен кеседі.
Мұғалім:
Балалар бұрынғы кезде ата - бабаларымыз балаға бесікті қолданса, қазіргі
дамыған кезде бесіктің орнына түрлі арбаларды қолдануда. Оны мына бейне
сюжеттен тамашалай аласыздар.( Сүйінші, сүйінші).
Сабақты бекіту:
Мынандай сұрақтарға жауап беріп жіберейік.
А) Анасы баласын қалай жұбатады?
Б) Өлең неліктен Бесік жыры деп аталған?
В) Баланың тұсауын кесерде неше түрлі жіппен кеседі?
Г) Көп қиыннан өтерсің деген жолдың мағынасын түсіндір?
Балалар үйге өздерің білетін бесік жырларын дайындап келуге берген болатынбыз. Қәне, кім айтады?
Қорытындылау:
Сонымен, бүгін сендер бесік туралы, бесік жыры туралы біраз мағлұматтар білдіңдер. Бесік сияқты қасиетті құндылықты сақтай білейік. Сау болыңдар.
Бағалау