Мәтін абзацын пішімдеу

Скачать

Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Информатика 8 сынып
Тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу.

Мақсаты: білімділік: Оқушыларды мәтінді пішімдеудің, мәтін абзацын пішімдеудің негізгі әдістерімен таныстыру;
Дамытушылық: MS Word - та жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен түсіндіру.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Жабдығы: ДК, тест, Activ Vote құрылғысы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) сәлемдесу; Ә) оқушыларды түгелдеу; Б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысы: Мәтіндік құжатты редакциялау
ІІІ. Жаңа сабақ бойынша. (слайд арқылы түсіндіру)
Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу қажет. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады. Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:
♦ әртүрлі қаріптерді пайдалану;
♦ құжат өрісінің шекараларын өзгерту;
♦ мәтінді бағандарға бөлу;
♦ символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Пішімдеудің осы әрекеттерін Пішім (Формат) мәзіріндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты пішімдеу алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа пішім элементтерін енгізу негізінде орындалады.
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) сұхбат терезесін ашатын Пішім мәзіріндегі Қаріп командасы қолданылады.
Қаріп командасы үш қосымшадан тұрады. Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады. Интервал өрісінде арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді. Анимация қосымшасы белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Пішімдеу құралдар тақтасының көмегімен де қаріптің параметрлерін қоюға болады.


Скачать


zharar.kz