• Тақырыбы:
• “Нысандар жиыны”
• Мақсаты:
• Нысандар бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау арқылы білімін жүйелеу, Оқушылардың девергентті (жанама ойы) ойын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Міндеттері:
• - өз бетімен еңбектенуге дағдылану;
• - уақытын тиімді пайдалану;
• - жүйелі ойлауға қалыптастыру.
Бұл не? (Төрт бөлікке бөлінген суреттің бірі бөлігі ашып көрсетіледі, балалар толық көрсетілмеген суреттің ненің суреті екенін табуы тиіс)
Өшіргіш
Шие
Глобус
Доп
Компьютер
Тоқылдақ
Кітап
Қарындаш
Гүл
I - ші аялдама “Астана” қаласы
Шығармашылық тапсырма
Жұмбақтар еліне саяхат
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі? (Бүркіт)
Жер - дүниені аралайды,
Жел, дауылды қаламайды.
Тұрақты бір тұрағы жоқ,
Тауға ғана паналайды. (Бұлт)
Тау, қыр, жазық, өзен, көл
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (Карта)
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың. (Телефон)
Қабат - қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.( Кітап)
II - ші аялдама “Бәйтерек” монуметі
Деңгейлік тапсырма
Құстардың суреті көрсетіледі (суда жүзетіндерімен ұшатын құстарды екі бөлек бағанға толтыру керек)
Ұшатын -----
Жүзетін ------