Аспанның періштесі шығарсың сен
Автор: жас ақын Бек Ноғайбайұлы
Аспанның періштесі
шығарсың сен,
Сен болып кеткендей – ақ
қыл қаламым,
Бәрі жұпар мен үшін түнгі
Ауаның,
Түнгі аспаннан бір жұлдыз
жымың қақса,
Сенен басқа ойыма кімді
аламын.
Ет жүрегім кетті ғой
аласұрып,
Сенбеймісің түріме
қарашы нық.
Құдайым мәңгілікке қойды
ма екен?
Ақ жүзіңді жырымның
жарасы ғып.
Сылдыр - сылдыр күлсе
егер тау бұлағы,
Қойылып жатқандай - ақ
тағдыр әні.
Сені ойлап бал кешті де
батырғанмен,
Сағыныштық етекке
жармасам да,
Осылай жыр жазамын
анда - санда.
Кеудемдегі сен деген күй
сандықтан,
Төгіліп тұрады ғой ән
қашанда.
Күндер зулап, апталап
өткенмен де,
Көңіл тастап қоямын
өткендерге.
Аспанның періштесі
шығарсың сен,
Жұлдыз боп ағып түскен
көктен жерге.
Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы
Үштөбе жалпы білім беретін тірек мектебі РО КММ
Жинақтаған: 9 сынып оқушысы Серікова Айгерім Серікқызы
Жетекшісі: Өзін өзі тану мұғалімі Жунусова Куралай Мухамедьяровна.