Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемнің рухани елшісі.
Орта Азия халықтарының музыкасы.
Сабақтың мақсаты: Орта Азия халықтарының тұрмыс - салт, әдеп - ғұрып жырларын, музыкалық аспаптарын тану, талдау, ажырата білу.
Көрнекілігі: Слайд, магнитофон таспалары, ән тексті, суреттемелер.
І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу: Саламатсыз ба? Саламатсыз ба? (әндету арқылы)
б) түгендеу.
ІІ. Үйге тапсырма
Балалар, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. Қазақстан Республикасының әнін және сөзін жазғандар?
2. Музыкада неше нота бар?
3. Қорқыт ата ескерткіші қай қалада орналасқан?
4. Асан қайғының қандай күйлерін білеміз?
5. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді?
6. Ұрмалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
7. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
8. Үрмелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?
9. Тілшікті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
10. Неге ұрмалы аспап бірінші тұрады?
Өте жақсы, балалар. Енді өткен сабақта үйренген әнімізді хормен орындайық.
Елім ай әнін орындау (Слайдтан көрсету)
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Орта азия халықтарының музыкасы
Орта Азияда тұратын қырғыз, өзбек, түркмен, тәжік халықтарының тілдері, діни наным - сенімдері, салт – дәстүр, әдет – ғұрыптары бір – біріне өте жақын болып келеді.
Сондай – ақ олардың мәдениеті мен өнері де бір – бірімен қабысып, ұштасып жатады. Ол елдердің музыкасы мен музыкалық аспаптарында да көптеген ұқсастық бар.
Өзбек халық аспаптары:
гиджап, сато, сетор. дутар, танбур, уд, рубаб, дойра, нагара, сафайль, сибизик, буламан, сурнай, қошнай, най, гаджир, карнай.
Түркмен музыкалық аспаптары: дутар, гиджак, тюйдук, дилли - тюйдук, гопуз.
Тәжік музыкалылық аспаптары: рубаб, танбур, дутар, думбрак, най, карнай, сурнай, кушнай, чанг, таблак, нагара, дойра, кайрак, зонг, сетор, пангар, бланзиком, даф, тутак.
Қырғыз музыкалық аспаптары: қомыз, қыл қияқ, жығаш, ооз қомыз, темір қомыз, гоор, сырнай, керней, добулпаз, доол.
Музыкалық шығарманы тыңдау: Әрбір аспаптың ойналуын слайд арқылы көрсету
ІV. Сергіту
V. Әндету жаттығулары
Дауыс ашу жаттығулары:
• Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.
• Дыбысты үзбей, созып орында.
• Әнді асықпай, мәнерлеп орында.
• Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта.
Жаңа ән үйрену: Ақ мамам Сөзі: Фариза Оңғарсынова
Әні: Махамбет Дауылбаев
Сөзін слайд арқылы көрсету
Қосымша сұрақтар беру
VІ. Қорытындылау: Сөзжұмбақ Аспаптар
Орта Азия халықтарының аспаптарының атаулары: Най, сырнай, гопуз, гиджак, дутар, рубаб, нагара
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: Ақ мамам әнін жаттап, жатқа әндету.
Орта Азия халықтарының музыкалық аспаптарын тану және ажырата білу