Бақыт тобы

Скачать

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№42 Ақ ниет гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Шаиева Алия Сайфеденқызы

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нағыз байлық

Мақсаты: 1) Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру;
2) Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын арттырып, дұрыс сөз қолданыстарын қолдана білуге үйрету;
3) Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің, нағыз байлықтың не екенін ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, үлестірме материалдар, слайдтар,
интерактивті тақта.
Сабақтың технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг
- Біз қандай баламыз?
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ. Сахналау. Қожанасыр мектепте
2 - топ. Сахналау. Төрттен төрт алса, не қалады?
3 - топ. Қожанасырға сипаттама.
4 - топ. Қожанасырға хат.

3. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі. Ой қозғау
- Қазіргі заманда адамға жақсы өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабынан кейін)

ІІ. Мағынаны тану
Ендеше біз бүгін жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет екенін білетін боламыз.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу. Нағыз байлық
2. Жанұялық топтарға бөлінген балалар кілең 1 - лер, 2, 3, 4 болып топтасып отырып, өзіне тиісті бөлімді оқып, талқылайды.
3. Жанұялық топтар орындарына қайтып келіп, топта түсіндіреді.

Топ атаулары:

1. Сүйіспеншілік тобы
2. Табыс тобы
3. Байлық тобы
4. Бақыт тобы

4. Топқа сұрақтар (мұғалім)
1 - топқа - Сүйіспеншіліктің қандай артықшылығы бар?
2 - топқа - Адамды сыйлап, жақсы көрсең, басқа да қасиеттер өзінен - өзі
келетінін отбасында кім білді?
3 - топқа - Баланың анасы неліктен көзіне жас алды?
4 - топқа - Отбасы мүшелері бақытты ма?

Отбасы бақытты болды дәлелдеу
1 - топ Анасы бақытты, өйткені... (постермен жұмыс)
2 - топ Бала бақытты, өйткені...
3 - топ Әкесі де бақытты, өйткені...
4 - топ Осы үш қонақтың қайсысын өз үйлеріңе шақырар едіңдер? Неге?

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.
1) Осы мәтіндегі негізгі ой қандай?

Сүйіспеншілік болса → табыс келеді → байлыққа кенеледі
2) Эссе жазу. Нағыз байлық деген не? (сызбаға сүйене отырып)


Скачать


zharar.kz