Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды

Скачать

Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды. (Татьяна Скобелева)

Еркектер кешірмейді, бәрін ұмытып кетеді, ал әйелдер – бәрін кешіреді бірақ ешқашан ұмытпайды. (Макс Фрай)

Ешнәрсеге қарамай тез үйлен! Егер алған жарың жақсы болса – ерекшеленгенің, ал жаман болса – философқа айналасың. (Сократ)

Әйел – еркектің ұлы ұстазы. (Франс Анатоль)

Үйленген жігітпен салыстырғанда, бойдақ жігіт әйелдер туралы көбірек білсе керек. Әйтпесе ол осы уақытқа дейін үйленген болар еді. (Генри Луис Менкен)

Еркектер қауымы қандай? Ол өз күнәсінен гөрі жасаураған жанарын көрсетуді ұят санайды. (Т. Гиппель)

Ер - азаматтар үшін өзі туралы басқалардың не ойлайтыны маңызды, ал әйелдер үшін өзгерердің не айтқаны маңызды. (Т. Гиппель)

Әйелдер ер - азамат қоғамысыз өңінен айрылады, ал еркектер әйелдерсіз ақымаққа айналады.
(Антон Чехов)

Еркектер қиналған кезде әйел іздейді, ал бәрі ойдағыдай болса, тағы біреуін іздейді. (Константин Мелихан)

Еркектердің бәрі бірдей, бірақ табатын табысы әртүрлі. (Михаил Аршевский)

Еркектердің кейбірі әйелдер қауымынан өздері ұстана алмайтын адамгершілік пен ар - намысты талап етеді. (Толстой Лев Николаевич)

Әйел мен еркектің тәрбиелік дәрежесі жанжал үстінде өзін қалай ұстауынан белгілі болады.
(Шоу Бернард)

Еркекті қайта жасау яғни өзгерту мүмкін емес, шыдаудан басқа амал жоқ. (Татьяна Соловова)

Еркектің бақыты Мен сені қалаймын деп дауыстаса. Әйелдің бақыты Ол қалап тұр деп дыбыстайды. (Ницше Фридрих)

Әр әйелдің қателігінде еркектің кінәсі жатыр. (Гердер Иоганн Готфрид)

Ғашық жігіттің бейнесі аянышты көрініс береді. (Кристи Агата)

Дайындаған: Жадыра.


Скачать


zharar.kz