Мақсаты: Оқушылардың бойына қарапайымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіре отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, мәдениетті бола отырып, әдепті өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Әдептілік туралы жалпы мәлімет;
• Жанұяда, мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға дағдыландыру;
• Отандарыңыз әдепті азаматтары болуға, үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Пікірталас, жағдаяттарды шешу, сұрақ жауап, постер жасау.
Көрнекілігі: АКТ (слайд, видео), нақыл сөздер.
Технология: СТО
Топтық жұмыс жасау ережелері:
Талқылауды мұқият тыңдаңыз
Ойлағаныңды ортаға сал
Мұғалім де, оқушы да қателесуден қорықпау керек
Талқыланатын тақырыптан ауытқымаңыз
Біз үшін әрбір пікір құнды
Аш адамға балық берме, қармақ бер
Уақытты үнемдей біл
Шебер үйретпейді, жағдай жасайды
Нақыл сөздер:
1. Әдептілік, ар - ұят – адамдықтың белгісі
2. Әдептілік - әдемілік
3. Әдеп басы – тіл
4. Адам - әдебімен көрікті
5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық
6. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды
7. Өзіңді - өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе
Құрметті оқушылар, жиналған қонақтар! Әдепті өмір сүруге үйрен пікірталас сабағымызды бастаймыз. Әдепті болу – әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенің дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
Сабақ кезеңдері Іс - әрекет Стратегиялар
Ұйымдастыру Геометриялық фигура бойынша топқа бөлу.
І топ. Әдептілер.
ІІ топ. Инабаттылар.
ІІІ топ. Кішіпейілділер. Топтастыру
Қызығушылығын ояту Бейне фильм. Әдептілік
Сергіту сәті
Мағынаны ажырату 1 тапсырма
І топ. Әдептілер.
Мектепте, көшеде өзін ұстай білу ережесі
ІІ топ. Инабаттылар.
Мәдениетті сөйлеу мен сыпайылық өзін ұстай білу ережесі
ІІІ топ. Кішіпейілділер.
Әдептілік, жолдастық ережелері тақырыбында постер қорғау.