Оқушыларға теңдеуді шешу, бір амалмен және екі амалмен шығарылатын есептердің тиімді тәсілдерін меңгерту

Скачать

Математика
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға теңдеуді шешу, бір амалмен және екі амалмен шығарылатын есептердің тиімді тәсілдерін меңгерту. Олардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Шапшаң есептеуге, мәнін табуға, өрнекті дұрыс оқуға төселдіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ережелер, ойындар, сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу
- Оқушылар қазір мен сендерге тапсырма беремін. Әр оқушы алған тапсырмасын орындап, сол тапсырманың мәні бойынша өз тобын табады.
1 - қатар
3+5=
4+3=
1+8=
6+2=
2+7=
0+9=
2 - қатар
4+4 =
3+6=
2+5=
10 - 2=
10 - 1=
1+7=
3 - қатар
10 - 3=
4+5=
8 - 0=
9 - 2=
8 - 1=
7 - 0=
- Ал, енді 7 - ге тең болған оқушылар Төле бидің ауылына жайғассын.
- Мәні 8 - ге тең болған оқушылар Қазыбек бидің ауылына жайғассын.
- Мәні 9 - ға тең болған оқушылар Әйтеке бидің ауылына жайғассын.

Есіңе ал
- Бұл үш ауылдың иелері туралы не білеміз?
Мұғалім
- Олар билер, көсемсөз шеберлері, шешендер, дарынды, ақылды ел басқарған ірі тұлғалар
Төле би –
Қазыбек би –
Әйтеке би –

Халық олардың әділдігіне, шешендігіне, адалдығына, шыншылдығына бас иіп, мәңгі ұмытпай жадында сақтайды.

- Бүгін осы үш ауылға аталарымыздың атын тегіннен - тегін беріп отырған жоқпын. Аталарымыздың есімдерін мәңгі сақтап, атын қорғап, олардың тапқырлықтары бойларыңызға дарысын деген мақсатпен қойып отырмын.

• Әр ауылдың басшысы болады сол басшы тобындағы оқушылардың дұрыс жауап бергенін белгілеп отырады. Сабақтың соңында бағалауда ескеріп отырамын.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 - ауыл
(57 - 7)+40 =90
(20+60)- 10=70
(60+9)- 40=29
2 - ауыл
20+(45 - 5) =60
60 -(39 - 9) =30
70+(16 - 6) =80

3 - ауыл
35 -(28 - 8) =
44+(30 - 10) =
80 -(67 - 7) =
2 - бөлім Ойлан тап
1 - ауыл
белгісіз санға 4 - ті қосқанда 10 шықты
Х+4=10

2 - ауыл
белгісіз саннан 4 - ті азайтқанда 10 шықты
Х - 4=10

3 - ауыл
20 - дан белгісіз санды азайтқанда 10 шықты
20 - Х =10

3 - ауылдан бір оқушыдан теңдеуді (тең) тақтаға шығарады.
1 - ауыл
Белгісіз қосылғышты табу үшін...
2 - ауыл
Белгісіз азайғышты табу үшін...
3 - ауыл
Белгісіз азайтқышты табу үшін...

3 - бөлім
- Теңдеу дегеніміз не?
- белгісіз санды табу
- теңдіктің оң жағы мен сол жағын теңестіру
- белгісіз санды тауып, орнына (теңдіктің екі) қойғанда теңдіктің екі жағы тең болу керек.

Кітап – білім бұлағы
1. 5 - 3=2
5 - 2=3
2+3=5
3+2=5


Скачать


zharar.kz