Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов Қараш - Қараш оқиғасы хикаяты
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: М. Әуезовтің өмірі мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесін, хикаяттағы тарихи тұлға арқылы оқушылардың көзін шындыққа жеткізу. Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза шығармаларымен байланыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды өткен тарихқа көз жіберте отырып, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру, туған өлке тарихын сөз ету
3. Тәрбиелік мәні: Оқушылардың туған еліне, халқына, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, адамгершілікке, адалдыққа баулу.
Сабақтың түрі: іздену сабағы, аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бүктеме, нақыл сөздер, карта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Технология: сатылай кешенді талдау технологиясы
VII Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару
Әлем тәнті болды Абай жолына ,
Біз қараймыз жүріп өткен жолына.
Дана Мұхтар, дара Мұхтар бүгінде,
Табылар әр қазақтың үйінде,- дей отырып, ел баласы бола білген Мұхтар өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз.
3. Жаңа сабақ
М. Әуезов Қараш - Қараш оқиғасы хикаяты
- Балалар біз бүгін Мұхтар Әуезовтің туып - өскен жеріне сырттай саяхатқа шығамыз. Міне, мынау Абай ауданы Бөрілі ауылы Аяққорған қыстағы. Осы үйде жазушы өмірге келген. Мынау - әкесі Омарханның бейіті.
- Балалар сендер осы кезге дейін жазушының қандай шығармаларымен таныстыңдар?
- Әжемнің әңгімесі , Көксерек , Біржан сал ауылында әңгімелерін оқыдық.
- Дұрыс. Ал енді осы жазушының әңгімесінің негізінде түсірілген қандай киноларды көрдіңдер?
- Көксерек , Асуда атылған оқ киноларын көрдік.
- Жақсы. Енді сендерге осы жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеу үшін Әдебиетшілер , Зерттеушілер , Тарихшылар тобын құрып, зерттеу туралы тапсырмалар берілген.
Сабақты мына жоспар көлемінде талдап отырып меңгерелік:
1. а) Болашақ ұлы жазушының есімінің қойылу тарихы.
ә) Ата үмітін ақтау.
1. а) Хикаяттың жазылу себебі.
ә) Кинодан үзінді.
б) Проблемалық сұрақ
Болашақ ұлы жазушының есімінің қойылу тарихы туралы Әдебиетшілерді тыңдалық.
Әдебиетші: М. О. Әуезов 1987 жылы 28 - қыркүйекте Абай ауданындағы Бөрілі қыстағына жақын Аяққарағанда туған.
Түрік, араб - парсы әдебиеттерінен жақсы хабардар Әуез атаның мұхтар деген сөздің азат , білімді , таңдаулы деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйгені бар еді. Сол сөзді таңдап алып, өзінің үлкен ұлы Омархан мен сүйікті келіні Нұржамалдан туған немересіне Мұхтар деп ат қойды.
Кішкентай Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді.
Әуез қарт ұлы ақын Абайдың адал досы болған. Ол Абайдың асыл өлеңдері халқының қазынасына айналса екен деп арман етушілердің бірі еді.
Ол кезде қазақ елінде сауатты адамдар аз болатын, кітап болмайтын. Осындай жағдайда Әуез қарт өзінің сүйікті ақыны Абайдың өлеңдерін көшіртіп, түптетіп алады. Соны оқулық орнына пайдаланып, балаларына алдымен араб әріптерін үйретіп, хат танытады. Содан соңғы Әуез мұғалімнің бар ұстаздық әдісі Абай өлеңдерін шәкірттеріне бірінен соң бірін жаттата беру болды. Күндердің күнінде Әуез атаның алдына 5 - 6 жасар кең маңдай, бұйра шаш бала Мұхтар да шәкірт болып тізе бүгеді.
Мұхтардың жас кезіндегі жақсы көріп, құмарта ойнайтын ойындарының бірі әйзік болатын.
Бұл туралы Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезов былай дейді: Әйзік ойыны ауыл балаларының ішінде Шоңқа екеумізге қиын тиеді. Бала кезінде Мұхтарды Шоңқа деп атайтынбыз. Себебі сақаны шиырып ата алмаймыз. Ойын тәртібін көп бұзамыз. Содан да болар көбіне әйзік ойынында асықтан ұтылып қалатынбыз. Мұндайда Шоңқа өзімен теңдес балалардан ұтылғанына шыдай алмай, намысы келіп жылайтын .
М. Әуезов Қараш-Қараш оқиғасы хикаяты жүктеу