Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
№93 орта мектеп тарих пәні мұғалімі
Турганбаева Зибаш

Бағыты: Қоғамдық - гуманитарлық
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Наурыз
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Наурыз
Мақсаты: Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы және мерекенің тойлану жолдарымен таныстыра отырып, әңгіме жазуға үйрету
Күтілетін нәтиже: Фотогалерея арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады, Блиц кездесу арқылы тақырып мазмұнымен танысып, түсінеді, кластер сызып, оқығанын қолданады, мәтел сөздердің және бата - тілектердің мағынасын ашу үшін талдау жасайды, барлық алған мәліметтері бойынша әңгіме жазып, жинақтайды. Бір - бірін, топты бағалайды, сабақ туралы кері байланыс береді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Негізгі идея: Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, Блум таксономиясы, психологиялық ахуал орнату, блиц кездесу, фотогалереяға саяхат, қол шапалақтау
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Керекті құрал - жабдықтар: оқулық, қосымша материалдар, стикер, суреттер
Бағалау түрлері: бағалау парағы, смаилик, жұлдызша, балық, бағдаршам,
Сілтеме: Артықбаев Ж, Қазақстан тарихынан әңгімелер, 5 - сынып, Атамұра - 2011 ж.

Кіріспе

Ұйымдасты - ру кезеңі Сыныпта көңіл - күйді дамытуға арналған психологиялық жаттығу жасау. Оқушыларды шеңберге жинаймын. Әр елді атай отырып, амандасу рәсімін жасау.

Топқа бөлу.
1 - топ: Көкпар.
2 - топ: Қыдыр ата.
3 - топ: Достық.
Әр топқа бағалау парақтарын, бағалау түрлерін тарату.

А кезеңі:
Білу Жаңа сабаққа кіріспе: Сурет галереясына саяхат.
Сыныпқа оқушылар көріп тамашалау үшін суреттер ілінеді.
Сурет бойынша бір - бірлеріне әңгімелеу керектігін ескерту.
Суреттермен жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты табу.

Түсіну Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың өз бетінше игеретін тақырыптарын оқулық бойынша бөлу.
1 - топ: Қазақтың ұлттық мейрамдары.
2 - топ: Наурыз мейрамы.
3 - топ: Наурыз көже.
Блиц кездесу әдісі бойынша бір - бірлеріне тақырып мазмұнын түсіндіреді. Наурыз мерекесі туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, толықтырып, айтып беремін.
В кезеңі:
Қолдану Дәптермен жұмыс:
Кластер құру:

Әдет - ғұрыптар: шаруашылық
дүниетанымдық
отбасылық
қоғамдық

Салт - дәстүрлер:
Қонақжайлылық
Ас беру
Той - думандар:
Бесік той
Шілдехана
Тұсаукесер
Сүндет той
Үйлену тойы
 Оқушылар, қандай ұлттық ойындарды білеміз?
Жаңа сөздер:
Наурыз - жаңа күн,
Ұлыс - мемлекет, ел,
Зындан - шыңырау түрме.
Дәптерге орындалған жұмыстарды смаиликпен бағалау.

Сергіту жаттығуы
Оқушыларға Шырша сергіту жаттығуын жасату
Талдау Топпен жұмыс: Нақыл сөздердің мағынасын ашу:

1 - топ: Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы.
2 - топ: Самарқанның көк тасы да жібиді
3 - топ: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

С кезеңі:
Жинақтау
Сурет галереясындағы суреттерді таратып алып, суретке байланысты әңгіме жазуын қадағалау.
Төрт сөйлем әдісі.

Оқушылар шығармашылығы:
Наурызға қатысты бата - тілектер қоржынын толтыру үшін стикер тарату.
Тест жұмысы.

Бағалау
Қазақ халқының ұлттық мерекелерінің маңызы қандай деп ойлайсыңдар?

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz