Мүсіреповтың Боранды түнде әңгімесі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың Боранды түнде әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Дамытушылық мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама - қарсы қояды;
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, халықтық салт - дәстүрді білуге баулу;

Сабақтың түрі: Практикалық оқуға негізделген ізденіс.
Типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, этнография.
Құрал - жабдықтар: парақшалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сабақ әзірлігін бақылау.
2. Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың ерекшелігі стратегиялық бағытта жүргізіледі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: мазмұнын айту, сұрақ - жауап ұйымдастыру, бірін - бірі толықтыру.
1. Еркін жауап стратегиясы.
Берілетін сұрақтар:
- Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
- Әңгімеге арқау болған қандай оқиға?
- Әңгімеге сендер қандай атау берер едіңдер?
- Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды?
- Мәселені басқаша жолмен шешуге болмас па еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
2. Түсіну стратегиясы
Сабағымызды жазушы өмірімен байланыстырамыз. Ол үшін интербелсенді тақтадағы мына хронологиялық кестені толтырамыз.
Ғ. Мүсіреповтың өмірінен хронологиялық кесте

Ғ. Мүсіреповтың Боранды түнде әңгімесі. жүктеу


Скачать


zharar.kz