Дауысты дыбыстан өткенді қайталау

Скачать

"Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау"

Тақырыбы: Дауысты дыбыстан өткенді қайталау.
Мақсаты: А) білімділік: Бастауыш сыныптарда меңгерген дауысты дыбыстар ұғымын жетілдіру (дауысты дыбыстардың емлесін дұрыс айтылу және жазылуын кеңейту, тереңдету)
Б) Логикалық ойын дамыту, дұрыс ашық сөйлеуге жаттықтыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
В) Сабаққа деген құштарлықтарын дамытып, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме кесте, карточкалар, плакатқа жазылған сөздер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру, үйге берілген өлеңді жатқа сұрау.
3. Дәптермен жұмыс. 254 - жаттығуды жазғызу. Түс - сүт, сақ - қас, сан - нас, тақ - қат, шақ - қаш, дауысты дыбыстардың астын сызғызу.
4. У дыбысына байланысты (жуан және жіңішке) мысалы: қауын, жуан, жуу, жау, асау, жүру,
Шаралау үшін әуені
Қуат керек әуелі
5. 255 - жаттығу Карточкамен жұмыс. Мысалы: алма, іні, ынталы, ата, ана, әже, алма, аула.
6."Кім шапшаң" ойыны. Мақал - мәтелді жалғастыра оқу
Досы көпті жау алмайды
Ақылы көпті дау алмайды.
Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы

7. Жұмбақ шешу
Ішіне тамақ салынған
Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)
Алтын терек, он екі бұтақ
Үш жүз алпыс бес жапырақ (жыл, он екі ай, күн)

8. Анаграмманы оқу
Бірінші сөз.
Табылды аңшыдан
Екінші сөз.
Жердің өркеш биігі
Жолдың ақыры мен қиыры

Қос жұмбақ сөз.
Сөз құраса бірігіп,
Бізге бер деп
Аспа келер жүгіріп. (оқ - отау)

9. 256 - жаттығу. Тақтаға жазу.
Жуан дауыстыларды бір бөлек, жіңішке дауыстыларды бір бөлек жазу.

Қортынды бөлім: Дауысты дыбыстар қанша?
Тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді? (жуан және жіңішке)
Жақтың қатысына қарай (ашық және қысаң)
Еріннің қатысына қарай (еріндік және езулік)

Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Дауысты дыбыстарды ережесін қайталау. Келесі сабақта диктант жазамыз.


Скачать


zharar.kz