Біржан сал Абай ауылында әңгімесін сұрау

Скачать

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е

Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сілтеме: Жоспар. Оқулық.

Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту. Топпен жұмыс жасау арқылы өз ойын еркін, ашық жеткізе отырып, әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Түйінді идеялар: Әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасау, мінездеме беру, көрініс көрсету арқылы образға кіру.
Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, электронды оқулық, Абай, Біржан, М. Әуезов портреттері, тірек сызба, тапсырма парағы.

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушыларды ақын - жазушылардың аттарын таңдау арқылы топтарға бөліп, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Балалар, 3 топқа бөлінген себебіміз, бүгінгі сабақта тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындап отырамыз. Ендеше, І топ – Абай , ІІ топ – Біржан , ІІІ топ – Мұхтар
болсын. Әр топ осылар туралы қысқаша мәліметті тақтаға Топтастыру стратегиясы бойынша жазсын.
2. Біржан сал Абай ауылында әңгімесін сұрау. Үш топқа бірдей сұрақтар қойылады. Бірінші көтерген топ жауап береді.
1. Үзінді де ұлы Абай мен Біржан сал арасындағы көңіл жарастығы, шынайы сыйластық қалай суреттелген?
2. Біржан Абайға қандай ән орындап берді?
3. Жанбота әніне байланысты Абай Біржанға қандай пікір айтады?
4. Әмір бастаған әнқұмар, өздерің де өнерлі жастар тобынан кімдерді атар едіңдер?
5. Әйгерімнің әнін Абай қандай сезіммен қабылдады?
6. Біржан әншіге қандай баға берді?
І топ – Абай
ІІ топ – Біржан реферат
ІІІ топ – Мұхтар
Топтардың жауабы бейнероликпен толықтырылады. 6 сынып. Қазақ әдебиеті. Электрондық оқулық

ІІІ. Жаңа сабақ.
Біржан сал Абай ауылында (талдау)
Әр топқа тапсырма беру.
І ТАПСЫРМА. Кейіпкерлер әлемі кестесін толтырыңдар.
ІІ ТАПСЫРМА. Оқиғаның кейіпкерлеріне талдау жасаңдар
ІІІ ТАПСЫРМА. Абайдың портреті, Біржанның портреті
Сергіту сәті
ІV. Түсінік тексеру: Тест.(Электрондық оқулық, 6 сынып)
1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты
а Сабалақ
ә Телғара
б Ерасыл
2. Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы! Кімнің сөзі?
а Абай ә Біржан б Әйгерім

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz