Мені өткенімнен қызғанба, өйткені ол қайтып келмейді.
Қызғанышқа жол берме, сонда қызғану да болмайды.
Қызғаныш – махаббатпен бірге туады, алайда, махаббатпен бірге өлмейді.
Қызғаншақ жігіттен енжар күйеу шығады.
Еркектердің қызғанышы: кім екенін білсем өлтірем.
Әйелдердің қызғанышы: өлтірсең де кім екенін біліп аламын.
Қызғаныш – үнемі қателікке ұрындырады.
Қызғаныш – сүйетініңді дәлелдеу емес, сүйіктіңе жеке мүлік ретінде қарап, қожалық ету.
Әйелдер мен еркектер әртүрлі тіпті, қызғанышта да: еркектер Сен қалай сондайға бардың? десе, әйелдер: - Ол сиырдың менен қай жері артық? .
Қызғаныш – сүйгеніңе сенімсіздік таныту емес, сүйгеніңді жоғалтып алудан қорқу.
Тарихи дерек: Жігіттер шын сүйсе қызғанады.
Қыздар сүймесе де қызғанады.
Бақытты болу үшін, жүрегіңнен тек үш сезімді алып таста – құмарлық, күншілдік, қызғаныш.
Мен қызғанбаймын! Мен тек өз бақытымның күзетшісімін.
Дайындаған: Дауыл
Сіз білетін афоризмдер немесе нақыл сөздер болса, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз, сайтта жарияланады.