Адалдық қай сөз табы

Скачать

Сынып көшбасшысы.
(интеллектуалды ойын)

Мақсаты: 1. сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.
2. Ой өрістерін кеңейту, шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау, болжау.
І Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар, оқушылар Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар дегендей Интеллектуалдық Сынып көшбасшысы ойынымызға хош келдіңіздер.
Сайыс кезеңдері:
І Өзін таныстыру.
ІІ Бәйге сұрақтарға жауап береді.
ІІ Тіл өнері берілген мақалдағы қалып қойған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару.
ІV Қызықты төрттік пәндер еліне саяхат.
V Ұшқыр ой берілген сөзден бірнеше сөз ойлап табу.
VІІ Шешендік. Егер мен..... болсам.

Құрметті балалар, ұстаздар сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

І Өзін таныстыру.
ІІ Бәйге
Ойын шарты сұраққа тез жауап беру.

1. Әбунасыр әл Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар қаласы)
2. Қ. Р тәуелсіздігін қай жылы алды?
3. Ата заңымыз қай жылы қабылданды?.
4. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
. 5. Ұлттық Валютамыз қай жылы қабылданды?
6. Абай жолы романының авторы кім?
7. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы.
8. Қабанбай батырдың шын аты кім? ( Ерасыл)
9. Дала жұлдызы деп кімді айтады?
10. Ең кіші төрт таңбалы санды ата.
11. Шаршының ауданы 64см квадрат қабырғасы ұзындығы неге тең? (30т=? кг)
12. тәуліктің 6 1 бөлігі неге тең? (13. 7м=? Мм)
14. 30-бен 40-тың көбейтіндісінен бесеуі артық санды ата.
15. Дауыссыз дыбыстар саны қанша?
16. Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада?.
17. Адалдық қай сөз табы?
18. Адамның шығу тегін зерттеген ағылшын ғалымы?
19. Қазақстандағы ең биік шың. ( Хан тәңірі).
20. Жеті жарғы заңын жазған қазақ хан?
21. Жерге ең жақын жұлдыз?
22. Ең кіші құс? (колибри)
23. Ең үлкен құс? ( түйеқұс)
24. Ауа райын анықтайтын станция?
25. Қазақстандағы ең үлкен көлді ата.

ІІ Тіл – өнер. Мақалда қалып қойған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару.
1. елдің анасы, ( отан)
Ел ердің анасы.
2 - бәйтерек,
Бала жапырақ. ( ата)
3 - білім азығы
Білім ырыс қазығы. (оқу)
4. Көз қорқақ,
.......... батыр. ( қол)
5. Ата ананың...........
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең. ( ақыл)
6. …....... әдепті болса, іні әдепті.
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті. ( аға)

ІV Пәндер еліне саяхат. Қызықты төрттік
Әр ұпайда негізгі пәндер бойынша сұрақтар болады. Ұпай таңдай отырып сол сұрақтарға жауап береміз.
Сол жақтағы 20. Қ. Р Әнұранының авторлары кімдер?
Ортадағы 20, Қ. Р рәміздері қай жылы қабылданды? елтаңбаның авторларын ата.
Оң жақтағы 20, Қазақстан қай материкте орналасқан?

Сол жақтағы 30 1 мақал - мәтел деген не? 1 Еңбек жайлы үш мақал айт.
2 Алтын ұяң Отан қымбат, Құт берекең атаң қымбат шешендік сөз кімдікі?

Ортадағы 30, 1) Қызыл телпек әжесіне он самса (картошка, капуста, етпен)
пісірді. Картошкамен, капустамен бірдей, етпен олардың жартысындай.
Әрқайсысынан қанша пісірді?
2). келбет сөзіне мәндес сөздерді ата.
Оң жақтағы 30
1. су сөзінен туынды сөздер жаса.
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа неше минутта піседі?
Сол жақтағы. 40
1. Үш жүздің басын біріктірген ханды ата. Қай қалада оған ескерткіш орнатылған?
2. 20 000 мыңда неше ондық бар?
Ортадағы. 40
1. бірдей 9 ыдыста 45кг бал бар, осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
2. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. Кен орындарын ата.
Оң жақтағы 40 1. Әлемнің жеті кереметін ата.
2. Қ. Р жер көлемі қанша? Дүние жүзінде нешінші орында?
( 2, 7 миллион км, 9 - орында)

V. Ұшқыр ой. Атамекен сөзінен жаңа сөздер жасау.
VІ. Шешендік. Егер мен.......... болсам.
Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңген оқушыларды марапаттау.


Скачать


zharar.kz