Жасушалық құрылымды организмдер

Скачать

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы,
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің
биология пәні мұғалімі Ташкеев Акан Тлеубекович

Қысқа мерзімді жоспар.
Сабақтың тақырыбы: Жүйелеудің ұстанымдары
Сабақтың мақсаты: Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер айырмашылығын ажырату, организмдерді жіктеуді үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Тірі организмдерді жүйелеудің ұстанымдарын үйренеді.
2. Табиғи және жасанды жүйелер айырмашылығын ұғынады.
3. Қосымша алынған мәліметтер арқылы білімдерін жинақтап, тұжырымдауға дағдыланады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Блум таксономиясы, топтық жұмыс, алты қалпақ әдісі, кері байланыс парағы.
Ресурстар: Интерактивті тақта, бейнетаспа, слайд, тірек сызбалар, дидактикалық материалдар, фото суреттер,, кестелер, маркер, А3, А4 қағаздары.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
1. 1. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
1. 2. Сыныпты топқа бөлу. (топ ережесін еске түсіру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.)
2. Сергіту сәті.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
4. Сабақты бекіту.
5. Үй тапсырмасын беру.
6. Кері байланыс.

Ұйымдастыру кезеңі.( оқушылармен амандасу)
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін тренинг өткіземін.
Мен сізге ризамын тренингі
Мақсаты: оқушыларды бір - бірімен қарым - қатынасын жақсартуға, бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге үйрету.
Оқушылар шеңбер бойына бой түзеп, бір - бірінің қолынан ұстап тұрып, Мен сізге ризамын, себебі... деп өз ойлары мен тілектерін айтулары керек. Осылай барлық оқушы бір - бірінің барлық жақсы қасиеттерін атап өтуі керек.
Оқушыларды топқа бөлу.
(оқушыларды фигуралар бойынша бөлу, топ басшысын сайлап алу.)

Жаңа сабақ:
Білу.
"Менен сұрақ, сізден жауап "
1. Ағзалық әлем деген не?
2. Ағзалық зат дегеніміз не?
3. Қазір жер бетінде организмдердің неше түрі тіршілік етеді?
4. Жер бетінде тіршіліктің жасушалық емес формасы бар ма?
5. Прокариоттар дегеніміз қандай организмдер?
6. Эукариотар дегеніміз қандай организмдер?
7. Өсімдіктердің жер бетінде неше түрі бар?
8. Жануарлар қалай қоректенеді?

Түсіну. "Ес картасы".(оқушылар алдыңғы тақырыптан білгендерін топтастырып постерге салады)
1 - топ. Тіршіліктің жасушалық емес формасы.
2 - топ. Жасушалық құрылымды организмдер. Прокариоттар.
3 - топ. Жасушалық құрылымды организмдер. Эукариоттар.

Сергіту сәті. Интерактивті тақтадан көрсетілген ролик бойынша сергіту сәті өткіземін.( оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында " Қара жорға " биіне сергіту сәтін жасаймын.)
Қолдану. Кітап мәтіні, интернет арқылы деректер жинақтап постер құру.
1 - топ. Жасанды және табиғи жүйелеу.
2 - топ. Жануарлар дүниесін жіктеу.
3 - топ. Өсімдіктер дүниесін жіктеу.
Талдау. Әр топ постерлерін қорғайды, Венн диаграммасын құрады.
Жинақтау. Ойлаудың алты қалпағы арқылы сабақтан алған білімдерін жинақтайды.
Бағалау.
1. Сіз К. Линнейдің жүйелеуді жасауы дұрыс деп ойлайсыз ба?
2. Сіз осы жүйелеуге өзгеріс енгізер ме едіңіз?
Талантты және дарынды балаларға арналған тапсырма:
1. Адамның жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны схемасын жасау.
2. Қазақ халқының жануарларды зерттеудегі және жүйелеудегі еңбегі туралы не білеміз?
Кері байланыс парағын тарату.

Бағалау түрі: топбасшысы топ мүшесін бағалайды.
Бағалау парағы:
бағалау крит - і:
"10 - 12"- 5
"6 - 10"- 4
"3 - 6"- 3


Скачать


zharar.kz