Ер жігітке қойылатын талаптар. Қазақ халқының салт - дәстүрлері
1. Кескін келбеті.
Ұзын бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыры мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т. с. с.
2. Қадір - қасиеті.
Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т. с. с.
3. Қабілет икемі.
Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.
4. Зерде - зейіні.
Тылсым сырды ұға алатын.
5. Өнер - өрісі
Өмірден әперер сыбағасын.
6. Тапқырлық ерлігі
Дұшпанға найза сұға алатын.
7. Қайрат - қаруы
Аяқтан шалғанды жыға алатын.
8. Жігер-күші
Қиындықтан сыналатын.
9. Білімі.
Биікке бастап шыға алатын.
10. Адалдығы.
Туған елі мен дос –жарандарына адал болатын.
11. Әділеттілігі.
Қара қылды қақ жаратын.
12. Шыншылдығы.
Қаймықпастан, турасын айтатын.