Астана қаласы,
№68 орта мектептің география пәні мұғалімі:
Сеил Кәмшат Елтайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Жалпы мақсаты: Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай туғызу арқылы Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы туралы білімдерін кеңейту және іздемпаздықпен жұмыс істеу қабілеттері мен өзара пікіралмасу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу;
Міндеті: Қазақстанда жауын-шашынның таралуының әркелкілігін картамен жұмыс жасау. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымын қалыптастырып, географиялық есеп шығарту;
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілік: Атлас, презентация, стикер,
Түйінді идеялар: • Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Қазақстанның жауын - шашынның орташа мөлшері 130 - 1600 мм аралығында.
• Жауын - шашын ең көп түсетін жері - Батыс Алтай.
• Ең аз түсетін жері - Арал теңізінің с - ш, Балқаш көлінің батыс бөлігі 100мм
Теория бойынша: Білу
Географиялық диктант (жеке жұмыс)
Сұрақ
1. Жылдық орташа температураның ауытқуы...
2. Ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық.
3. Ебі желін зерттеген...
4. Қазақстанның ең суық жері...
5. Ебі желіне қарсы бағытта соғады...
6.. 50° с. е. бойымен кесіп өтетін жоғары қысым...
7. Ең суық ай...
8. Солтүстік мұзды мұхит үстінде қалыптасады...
Жауаптар:
1. Атбасар
2. Воейков
3. Сайқан
4. Қаңтар
5. Амплитуда
6. Уалиханов
7. Изобара
8. Арктикалық ауа массалары
Бейнеролик көру: Ауа райының түрлері. Жаңбыр
Теория бойынша: Түсіну
Себебін анықтаңдар: (сұрақ - жауап) топтық жұмыс
1. Қазақстанда жыл бойында жауын - шашын қалай таралған? Себебін түсіндіріңдер.
2. Батыстан - шығысқа қарай жауын - шашын мөлшерінің кемуі неге байланысты?
3. Қазақстанның таулы бөліктерінде жазықты - аласа таулармен салыстырғанда жауын - шашын мөлшері не себепті көбірек?
4. Қазақстанның жазықты жерлерінің қай аймағында қар жамылғысы көп түседі? Жауабыңды дәлелде.
Слайдын жүктеу