Қазіргі заман сабақ талабына сай оқушылардың білімін жан - жақты тереңдету арқылы оқушылардың іздемпаздық қабілеттерін дамыту

Скачать

Сыни ойлау деген не?

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру

Мақсаты:
1. Оқушылардың шыңдалып өсуіне, жан - жақты жетілуіне бағыт - бағдар беру, жағдай туғызу.
2. Жан - жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану.
3. Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет - ғұрпын құрметтей білетін, жан - жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу.

Міндеті:
1. Оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, әрбір шәкірттің жеке ерекшеліктеріне сай шығармашылықпен жұмыс істеп, іс – тәжірибе жинақтау.
2. Қазіргі заман сабақ талабына сай оқушылардың білімін жан - жақты тереңдету арқылы оқушылардың іздемпаздық қабілеттерін дамыту.
3. Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолында оқушылардың ойлау қызметі мен қабілетін дамыту
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту. Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймын. СТОдағы мұғалімнің басты міндеті оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Әдістемелік құралда СТО технологиясы жайлы сіздермен өз тәжірибеммен алмасам деймін.
Автор өз жұмысында СТО жобасының стратегияларын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану жолдарын көрсетіп, дәстүрлі сабақ пен СТО технологиясы бойынша жасалған сабақтардың айырмашылықтарын айқындап көрсетеді.

Ұстаз алдындағы басты мақсаты – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс - әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В. М. Шепель Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі дейді.

Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті - түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір - сайыс, ойын, шығармашылық, өзін - өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу - тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сыни ойлау деген не? жүктеу


Скачать


zharar.kz