3 сынып
(тренинг - жиналыс)
Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат
Тренинг сабақтың міндеті: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.
5 Жүру барысы:
Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы.
Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
Есімдер аллитерациясы
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін
Мен көрікті - Әсеммін;
Мен дарынды – Дидармын.
Мадақтау мен жазалау
Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
Номер: Абулхайырова Дильназ (скрипка тартады)
Қолынан танып біл
Көздері байлаулы ата – аналар балаларын тауып алулары керек.
4. Жағдаяттар
Нұсқау: Әр топ ата - аналарына жағдаяттар оқылады. Ата - аналар жағдаятты талдап қаншалықты дұрыс немесе бұрыстығын айтуы тиіс.
1. Түскі ас кезі. Отбасы жиналып, тамақтануға отырды. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаны баласы көтерді. Әке шешесі баласына өздерінің жоқ деп айтуын өтінді.