Сабақтар тізімі:
1) Қайталауға арналған жаттығулар 1 тарау бойынша (5 сынып)
2) 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері (5 сынып)
3) Теңдеу тақырыбына есептер шығару (5 сынып)
4) Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу (9 сынып)
5) Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру (9 сынып)
6) Квадрат түбір қасиеттері (9 сынып)
7) VII сынып алгебра курсынан мағұлматтар және қайталауға арналған жаттығулар (9 сынып)
8) Рационал алгебралық теңдеулерді шешу әдістері (10 сынып)
9) Логарифмдік теңдеулерді шешу (11 сынып)
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №1 (І тарауды қорытындылау, білім жинақтау)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Алған білімдерін жүйелеп пайдалана отырып өрнектерді ықшамдауда, теңдеулерді шешуде қолдана білуге үйрету, ойда сақтау қабілетін дамыту.
2. Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру, теңдеудің белгісіз компоненттерін табу тәсілдерін және теңдеудің шешімдерін таңдау тәсілімен оның натурал шешімін табу дағдысын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, достық - жолдастыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Білім жинақтау, бағалау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бақылау бетшелері.
Оқытудың әдісі: практикалық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Бақылау жұмысының шарттарымен таныстыру.
І - нұсқа ІІ - нұсқа
І. Теориялық бөлім.
І - нұсқа
1. Санды өрнек дегеніміз...........
2. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жаз, мысал келтір.
3. Белгісіз көбейткішті табу үшін...........
4. Белгісіз азайтқышты табу үшін.............
ІІ - нұсқа
1. Әріпті өрнек дегеніміз...........
2. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жаз, мысал келтір.
3. Белгісіз бөлгішті табу үшін...........
4. Белгісіз азайғышты табу үшін...........