ҚамықпашыМейлі желпін, серпілде, Не айтсаң да еркіңде

Скачать

Қамықпашы

Мейлі желпін, серпілде,
Не айтсаң да еркіңде.
Кінә тақпа арманға,
Күйе жақпа сол күнге.
Сырлас түнді еске алсаң,,
Лағынат сөз келтірме.
Қара жерді құшақтап,
Өлмеші, сен өлтірме.
Қамықпашы, қиналма,
Қайрат, күшті жина алға.
О, дүниені ойлау бір,
Ағаттығың жалғанда.
1994 жыл


Скачать


zharar.kz