Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты
Квадрат теңдеулер тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері:
♦ Квадрат теңдеулер тақырыбы бойынша білім мен біліктерін бекіту және бақылау;
Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру, проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу. Квадрат теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыру.
♦ Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, тақырыптық диалог құра білу, бірін - бірі, өзін - өзі және топты бағалай білуге үйрету.
Білу. Пысықтау сұрақтары:
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады? І топ
2. Егер ах² +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ол теңдеулер қандай теңдеулер болады? ІІ топ
3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер? ІІІ топ
Берілген жауаптарды қолданып сөйлемді аяқтаңдар:
Жауаптары: 1. D0
ax2+bx+c=0 теңдеу квадрат теңдеу деп аталады, егер...
Теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады, егер.....
ax²+bx+c=0 теңдеуінің екі түбірі болады, егер....
Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады, егер....
ax²+bx+c=0 теңдеудің бір - біріне тең екі түбірі болады, егер....
ax²+bx+c=0 теңдеудің түбірі жоқ, егер.....