ӨЗІҢДІ БАҒАЛА СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТАМЕН ЖҰМЫС

Скачать

Материал тану
Сабақтың тақырыбы: Шойын түрлері және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушыларды шойын түрлерімен, қасиеттерімен таныстыру.
ә) Дамытушылық: ойлау, жүйелеу, байланыстыру қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың бір - біріне деген қарым - қатынасын, кішіпейілді, үлгілі, ұқыпты болуын ойластыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ассосация, ойын элементтері.
Құрал - жабдықтар: слайдтар, сызбалар, интерактивті тақта, семантикалық карта, таблица, үлестірме материалдар, оқулық.
Пәнаралық байланыс: химия, физика, тракторлар мен автомобильдер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. ӨЗІҢДІ БАҒАЛА СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТАМЕН ЖҰМЫС

2. Жұмбақтарды шеш.
1. Шойынның балқу температурасы қандай?
Жауабы: 1100°С - 1200°С – та балқиды.
2. Шойын қандай тәсілмен алынады?
Жауабы: Шойынды домна пештерінде балқытып, темір рудасынан алады
3. Шойынды өндіру үшін қандай материалдарды пайдаланады?
Жауабы: Шойынды өндіру үшін: темір рудалары, кокс, флюстар материалдарын пайдаланады.
4. Домна пештерінде шойынның түзілу процесі қалай жүреді?
Жауабы: Қорытардың алдында темір рудасын уатқыш машиналарєа салып ұсақтайды, содан кейін руданы темірі жоқ бос жыныстан арылту үшін жуады.
5. Шойынды балқытып, қорытқан кезде қандай отын жағылады?
Жауабы: Шойынды қорыту кезінде кокс жағылады. Кокс жағу үшін көмірді ауа жібермей қыздырады.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Шойын туралы үй тапсырмасы бойынша берілген мәліметтермен таныстық. Енді бүгінгі жаңа сабағымызда Шойын түрлері және оның қасиеттері тақырыбымен танысамыз. Шойын болаттан көміртегі мөлшерінің жоғары болуымен және құю қасиетінің өте сапалы болуымен ерекшеленеді. Шойынды қысыммен өңдемейді, соғылмайды. Шойынның мынадай бес түрі бар:


Скачать


zharar.kz