Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 242*2, 484: 2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету. Мәселе есепті шығара білуге, қалдықпен бөлуге берілген есептерді шығаруға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын, логикалық есептеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі таза жаза білуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, дүниетану

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу;
Оқу - құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру; Сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру; Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кім шапшаң? ойыны.
84: 3
52: 4
15*5
620: 20
760: 4
18*40
27*3
570: 3
290*3
Оқулығымызды ашып 1тапсырманы шығарайық:
Балалар біз үш таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін білеміз. Бүгін 242*2 және 484: 2 ауызша көбейту және бөлу тәсілдерімен танысамыз.
242*2 тәсілін көбейту жолын айтып көрейік.
242•2 - ні разряд қосылғыштарға ажыратайық, 242 – де неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар, оқушылар кім айтады?
Иә, өте дұрыс
(200+40+2)*2=200*2+40*2+2*2=484
- 200 - ді 2 - ге көбейтеміз, 40 - ты 2 - ге көбейтеміз, 2 - ні 2 – ге көбейтеміз шыққан көбейтіндіні қосамыз.
(200+40+2)*2=200*2+40*2+2*2=484
- Разрядтық қосылғыштарға жіктеу дегеніміз не?
- Дұрыс айтасың.
Ал, енді 484: 2, 484 - ді разрядтық қосылғыштарға ажыратайық, 484 - де неше жүздік, неше ондық, неше бірлік бар?
(400+80+4): 2=400: 2+80: 2+4: 2=242
400: 2=200
80: 2=40
4: 2=2
200+40+2=242
Жақсы, 400 - ді 2 - ге бөлеміз, 80 - ді 2 - ге бөлеміз, 4 – ті 2 – ге бөлеміз. Шыққан бөліндіні бір - біріне қосамыз.
- Осылайша, ауызша көбейту және бөлу тәсілдерімен шығарамыз.
Дәптерлерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазып алайық.
№3 тапсырма. Түсіндіре отырып есепте.
314*2
221*4
884: 4
963: 3
111*5
132*2
842: 2
396: 3
414*2
321*3
936: 3
486: 2
№4 есеп) Саябаққа 50 ағаш көшеті әкелінді. Әр алаңға 8 ағаштан отырғызу жоспарланды. Егер саябақта 6 алаң болса, қанша көшет қалады?
Есептің мазмұнымен таныстыру
- Есепте не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Есепте нені сұрайды?
Есепті талдау
- Есептiң қысқаша белгiлеуiн жазу үшін негiзгi сөздерді атаңыз.
- Есептiң сұрағына бiрден жауап беруге бола ма?
- Қандай амал қолданамыз?
- Енді есептің қысқаша белгіленуін жазыңыз.
Ә) Көмір кенішінде 1 күнде 950 тонна көмір өндіріледі. Машина 300 тонна жүк көтереді. Қанша машина қажет және қанша тонна көмір қалады.
Есептің мазмұнымен таныстыру
- Есепте не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Есепте нені сұрайды?
Есепті талдау
242*2, 484: 2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жүктеу


Скачать


zharar.kz