Күйеу туралы мақал - мәтелдер
Күйеу жүз жылдық
Жаман күйеу қайынсақ.
Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
Күйеу атымен күл тасы,
Жезденің атымен жер айда.
Күйеу жолдасымен жарасымды,
Қыз жасауымен жарасымды.
Күйеу жүз жылдық,
Құда мың жылдық.
Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.
Күйеуіне қызы сай,
Елігіне жері сай.
Күнде келсе күйеу жаман,
Жымысқы болса жиен жаман.
Күшік күйеу болғанша, иттің күшігі бол.
Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.
Қалыңдығына өкпелеген күйеу, қайнысына сәлем бермейді.
Қалыңдығың сиықсыз болса, қайын енеңнің сұлулығынан не пайда?
Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ.
Өлі - тірісін берген соң, өлі күйеу жатар ма.
Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.