Сынып: 7
Ашық сабақтың тақырыбы: Теңіз балдырлары . (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Теңіз балдырлары туралы толық мағлұматтар беру.
Білімділік: Оқушыларға теңіз балдырлары тақырыбын өте отырып, қоңыр және қызыл балдырлар туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпты игерте отырып, теңіз балдырларының маңызын айта суреттермен сызбалар арқылы түсіндіре дүниетанымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Жарыс, жазбаша, сұрақ – жауап, кесте толтыру, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, сызбанұсқа
Сабақтың барсы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Суреттегі ғалымдарды ата.
2. Суреттер сөйлейді. Балдырлар түрлерін анықта.
ІІІ. Жаңа тақырып
Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500 - дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетелі. Ең ірілерінің талломы (денесі) тарамдалып тұрады. Жасушасы - бір ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Сілемейлі қабықша теңіз толқынының күшіне төтеп беріп, су қайтқанда балдырларды құрғап кетуден сақтайды. Олардың дән тәрізді хроматофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасады. Хроматофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары (пигменттері) болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін фотосинтезге күннің ультракүлгін сәулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т. б. жатады.
Ламинария теңіз жағалауындағы 5 - 10 шақырым аймақты қамтып, 20 - 30 метр тереңдікте өседі. Ламинария су түбіндегі төсемікке тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) бекініп өседі. Одан ұзындығы 3 - 4 метрдей жалпақ таспа тәрізді өсінділері жетіледі.
Саргассум балдырына зер сала қарасаңдар, жидекке ұқсас домалақ өсінділері бар. Олар іші ауаға толы көпіршіктер. Балдырлар солардың жәрдемімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп басқа жерлерге тез тарала алады. Саргассумды теңіз жүзімі деп те атайды.
Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) - таспа, тақтайла, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған. Қоңыр балдырлар сияқты аса ірі болмайды. Олардың жасушаларындағы дән тәрізді хроматофорларында хлорофилден басқа қызыл - көк пигменттері болады. Сондықтан бұл балдырлар түсінің қызып, қызғылт және сары, көк - жасыл болуы да мүмкін.
Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетілт, бөлініп, өседі. Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады.
IV. Сабақты бекіту.
1. Дұрыс па, әлде бұрыс па?
2. Ғажайып ондық
3. Бинго.
V. Қорытындылау.
Тест тапсырмалары
1. Спирогира қандай жолмен көбеймейді?
а) жынысты
б) жыныссыз
в) өсімді
2. Қоңыр балдырлар қайда тіршілік етеді?
а) Өзендерде
б) көлдерде
в) теңіздерде
3. Ламинария су түбіне қандай мүшесі арқылы бекиді?
а) Тамыры
б) спора
в) ризоидтер
4. 1 граммм қара топырақта қанша балдыр болады?
а) 5 000 б) 7 000 в) 3 000
5. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр?
а) Порфира
б) Кладафора
в) Ламинария
6. Қоңыр балдарларға қайсысы жатады?
а) Улотрикс
б) Спирогира
в) Ламинария
7. Споронгийлерден не пайда болады?
а) тамыр
б) зооспора
в) Спора
VI. Үйге тапсырма: §16. Теңіз балдырларының түрлері туралы қосымша материалдар жинақтау немесе кітапша жасау.
VIІ. Оқушыларды бағалау