Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Пәні: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ә) Оқушылардың іс - әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялар: тірек сигналдар арқылы оқыту; СТО технологиясы.
В) Оқыту үрдісін тиімді басқару және ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар: топтық оқыту.
Б) білімді бақылау және бағалау
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік 1. Білім алушылардың тәрбие үрдісі туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, тәрбие туралы ой - пікірлер мен тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін айқындап, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мазмұнын ашу, меңгерту.
2. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан - жақты үйлесімді етіп дамыту.
3. Білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырлыққа, өзара жақсы қарым - қатынастағы көңіл - күйге, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: көрнекілік, практикалық, түсіндірмелі - иллюстратив, сұрақ - жауап, Кубизм стратегиясы, Класстер әдісі, білімді бақылау, бағалау әдістері
Пәнаралық байланыс: Психология, философия,, анатомия, тәрбие теориясының әдістемесі
Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығына, балалардың сырт келбетіне көңіл бөлу, оқу құралдарын дайындату Мұғаліммен амандасып, балалардың сырт келбетіне айтылған қысқа ескертулерден қорытынды шығарады. Оқу құралдарын дайындайды. Сабаққа психологиядық тұрғыдан дайын.
ІІІ. Өткен материалды қайталау
Жеке тұлғаның тәрбиесі және оның қалыптасуы
Жоспары:
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері
Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.
Үй тапсырмасының тақырыбын, берілген тапсырмаларға дайын екендерін хабарлайды.
Тақырыптың бірінші жоспары бойынша білімгерлерден жеке тұлғаның ерекшеліктері туралы ассоцияция әдісімен сұралады. Білімгерлер психологиядан алған білімдеріне сүйене отырып, ерекшеліктерді атап береді. Жеке тұлғаның бойында болатын қасиеттерін жаза отырып, психологиядагы білімдерін қайта жаңғыртады. Жеке тұлға темперамент, ақыл - ой, мақсат - мүдделері арқылы ерекшеленеді деген қорытынды жасайды.
Бала дамуына әсер ететін биологиялық, психологиялық, әлеуметтік факторлар деген сұраққа әр топ өздері дайындап келген слайдтар бойынша кубизм стратегиясымен жауап береді. 1 - топ
1. Бала дамуына тұқым қуалаушылықтың ықпалы.
1. 1. Преформизм тұқым қуалаушылық туралы
1. 2. Мінездің тұқымға тартуы туралы түрлі көзқарастар
2 - топ
2. 1. Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның ықпалы.
2. 2. Әлеуметтік фактордың түрлері
2. 3. Әлеуметтік ортадан тыс қалған балалар туралы
3 - топ
3. 3. Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі.
3. 4. Тәрбиені қай уақытта бастау керек?
3. 5. Тәрбие балаға қалай әсер етеді?