Химия 9 сынып
Тақырыбы: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Білімділік мақсаты, дамытушылық, тәрбиелік: Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Қайталау сабағы Джигсо, Ойлан жұптас бөліс
Сабақ өткізілу түрі: кітаппен өздік жұмыс, орындау, кестемен жұмыс, мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар;
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ
Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1. Мұғалімнің түсіндіруі:
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс
теориясының пайда болуы:
1. өндіріс пен халық шаруашылығының өскелең талаптарына сай келмеуі, органикалық химияның даму деңгейінің төмендігі
2. химия ғылымында мына заттардың қасиеттерін түсіндіре алмауы жаңа теорияның қажеттігі:
• органикалық заттардың көптүрлілігі;
• валенттіктің сәйкес келмеуі;
• изомерия құбылысы;
• органикалық заттар үшін тұрақты таңбаның болмауы.
3. Типтер теориясы: Жерар әрбір затты біртұтас қарауды ұсынды. Барлық органикалық қосылыстар қарапайым бейорганикалық қосылыстардың туындылары деп есептеді: сутек, хлорлы сутек, су деп бірнеше типке бөлуді ұсынды:
1 тип – сутек, 2 тип – хлорсутек, 3 тип – су.
4. Радикалдар теориясы: Берцелиус органикалық заттар екі бөліктен – радикалдардан тұрады деп пайымдады. Ол химиялық реакция кезінде радикалдар өзгеріссіз сақталады деп есептеді.
5. 1860 жылы Карлсруэ қаласында өткен химиктер съезінде атом - молекулалық ілімді қабылдады.
6. Франкленд және Кекуле жұмыстарының нәтижесінде химияда валенттілік туралы түсінік қабылданып, көміртек атомының 4 валенттігі туралы түсінік енгізілді (Кекуле).
7. Ал 1857жылы Кекуле және Купер қосылыстардағы атомдардың тізбектелу идеясын ұсынды.
Қорытынды:
Ғылымдағы барлық жетістіктер органикалық химияның дамуында жаңа жағдайлар туғызды – органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.