Тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Тәуекелге бел бусақ, алдағына алармыз,
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ, қусақ бәрін шалармыз
Сабақтың тақырыбы: Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен берілуі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Функционалдылық тәуелділіктің функция түрінде жазылатынын білу;
2. Дамытушылық. Фукцияның жазылуын, оқылуын білдіре отырып, функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймағын таба білу дағдысын қалыптастыру;
3. Тәрбиелілігі. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістіктерге жетуге үйрету
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сөзжұмбақ, сәйкестендіру кестесі, жетондар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасы: қайталау сұрақтары Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап .
3. Жаңа сабақты түсіндіру Білгенге маржан .
4. Жаңа сабақты бекіту Білімдіден шыққан сөз .
5. Оқулықпен жұмыс:
6. Қорытындылау. Ой толғау
а). сабақты қорытындылау
ә). оқушылар білімін бағалау.
б). үйге тапсырма беру
С а б а қ т ы ң ж ү р і с і:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а). оқушылармен амандасу;
ә). оқушыларды түгендеу;
б). сабаққа көңілдерін аудару.
ІІ. Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап , өткен сабақтарға пысықтау сұрақтары
Сәйкестендіру кестесі
Қайталау сұрақтары
Тік төртбұрыштың қарама - қарсы төбелерін қосатын кесінді (формулалар)
Центрлік симметриялы фигура (тең)
Симметриялы фигуралар өзара.... болады (график)
Әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділік координаталық жазықтықта сызықпен кескінделеді, оны.... деп атайды. ( симметриялы фигуралар)
Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтан екі фигура бір - бірімен беттесетін болса онда фигуралар түзуге қатысты... деп аталады (центрлік симметриялы фигура)
О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура... деп аталады
(шеңбер)
С=2πR, S=πR2, Р = 4а (диагональ)
ІІІ. Білгенге маржан , ( Жаңа сабақты түсіндіру)
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес
келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.
Функция сөзі латынның functio сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. Функция терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц болатын.
Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.
Тәуелді айнымалы – осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.
Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі у = f(х), оқылуы икстен эф .
Мұндағы х – аргумент, у – функция, ал f функцияның аргументке тәуелділігі белгілі бір
ережеге сәйкес жазылғанын білдіреді.
І. Аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды қарастырайық.
ІІ. Егер функцияның мәні берілсе, аргументтің мәнін табуды қарастырайық
IV. Сабақты бекіту. Ал енді оқушылар бүгінгі түсіндірілген сабағымызды қорытындылай
келе функцияны қалай түсінгендеріңді мына Функция сөзжұмбағы
арқылы тексеріп көрейін.
1. Функция немен беріледі?
2. Тәуелсіз айнымалы не деп аталады?
3. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның қандай аймағы деп аталады?
4. Координаталық жазықтықтағы әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділіктің сызықпен кескінделуі?
5. Функция терминін математикаға тұңғыш енгізген неміс физик - математигі?
6. Квадраттық барлық қабырғаларының қосындысы?
7. Аргументке тәуелді айнымалы не деп аталады?
Ф О Р М У Л А
А Р Г У М Е Н Т
А Н Ы Қ Т А Л У
Г Р А Ф И К
Л Е Й Б Н И Ц
П Е Р И М Е Т Р
Ф У Н К Ц И Я
V. Оқулықпен жұмыс. №1257. f(x)=3x+5 функциясы үшін:
1). f (2)=3•2+5=6+5=11
f (0)=3•0+5=0+5=5
f (- 4)=3•(- 4)+5=- 12+5=- 7.
2). аргументтің 1 3 тең мәнінде f(x)=3x+5 функциясының мәні 6 - ға тең.
Тұжырымдама дұрыс па?
№1258.
у =7x+4 формуласымен берілген функция үшін аргументтің берілген мәндеріне сәйкес
функцияның мәндерін тауып, кестені толтыру.
х - аргумент - 2 - 1 7 0, 5 - 3 0 1, 2
у - функция - 10 3 7, 5 - 17 4 - 4, 4
х=- 2, у =7x+4=7•(- 2)+4=- 14+4=- 10
х=- 1 7, у =7x+4=7•(- 1 7)+4=- 1+4=3
х=0, 5, у =7x+4=7•0, 5+4=3, 5+4=7, 5
х=- 3, у =7x+4=7•(- 3)+4=- 21+4=- 17
х=0, у =7x+4=7•0+4=0+4=4
х=- 1, 2, у =7x+4=7•(- 1, 2)+4=- 8, 4+4=- 4, 4
VI. Қорытындылау. Ой толғау .
а). сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында үйге тапсырма беремін де, оқушылардың бүгінгі
тақырыпты қаншалықты игергендеріне, кемшіліктеріне талдау
жасап, оқушылардың білімдерін бағалаймын
ә). үйге тапсырма беру
1). Тақырыпты оқып, ережелерді жаттау;
2). №1261 және №1262 - есептерді шығару.
б). оқушылар білімін бағалау.
Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Ағысбаева Нұржамал Мұханғалиқызы