Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ішкі секреция бездерінің маңызын түсіндіру.
Ә) тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми көз қарастарын қалыптастыру.
Б) дамыту: Секреция бездері жайлы білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Интернет желісі
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларының тізімін тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
Тура жауабын тап!
1. Сыртқы секреция бездерін қандай бездер деп атайды?
2. Сыртқы секреция бездерінің өнімдері?
3. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?
4. Гормондар дегеніміз не?
5. Организмде бездер неше топқа бөлінеді?
6. Бездерден бөлінген гормондар өнімдерін қайда бөліп шығарады?
Сыртқы секреция бездері – олардың секреті (сөл) қуысқа (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді (тер, жас, май, сүт бездері және т. б).
1. Жаңа сабақты түсіндіру
Ішкі секреция бездері үлкен емес: миллиграммен немесе граммен өлшенеді. Ішкі секрецияның маңызды безіне: гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без, бүйрек үсті безі жатады.
Аралас секреция бездері – біздің организмімізде екі қызмет атқаратын, сырттай да, іштей де секреторлы әсер ететін, яғни аралас секрециялы бездер бар. Оларға ұйқы безі, жыныс бездері жатады.
Секреция бездері
▪ Ішкі секреция бездері → Сөл бөлетін өзегі жоқ, гормон бөледі.
Оған: гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті безі, айырша без (тимус).
▪ Аралас секреция бездері → Жыныс безі, ұйқы безі.
▪ Сыртқы секреция бездері → Жас, тер, сүт, сілекей безі.
№--- Секреция бездері ------ Бөлетін гормондар ---- Пайда болатын аурулар
1. Гипофиз ----------------------- Өсу гормоны ------------ Акромегалия, алыптылық
2. Қалқанша безі --------------- Тироксин ----------------- Микседема, кретинизм, эндемиялық зоб.
3. Қалқанша маңы безі ------ Паратгормон ------------ Ұстама, дене мүшелерінің қозуы.
4. Бүйрек үсті безі ------------- Адреналин --------------- Аддисон, қан қысымының төмендеуі
5. Айырша без (тимус)------- Тимозин ------------------- Иммунитет төмендейді
6. Ұйқы безі ---------------------- Инсулин ------------------ Қант диабеті
7. Жыныс безі ---- Еркекте: андроген. Әйелде: эстроген ---------- Жыныс бездері мен жыныс мүшелерінің баяу дамуы.
3. Адамда ішкі секреция бездерінің орналасатын ретімен жазыңыз.
1. Бүйрек үсті ---------------------- 1. Гипоталамус
2. Гипоталамус -------------------- 2. Гипофиз
3. Гипофиз --------------------------- 3. Эпифиз
4. Эпифиз ---------------------------- 4. Қалқанша безі
5. Тимус (айырша без) ----------- 5. Қалқанша маңы безі
6. аналық без, аталық без ------ 6. Айырша без
7. қалқанша маңы безі ---------- 7. Бүйрек үсті безі
8. ұйқы безі ------------------------- 8. Ұйқы безі
9. қалқанша безі ------------------- 9. аналық без, аталық без
10. аталық безі --------------------- 10. аталық без
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Кентау қаласы, Б Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің
Биология пәні мұғалімі Көбекова Ақмарал Абиханқызы